Енді сол Дариғаның естелігіне назар аударайық.
«Әкем қайтыс болғанда 1-сыныпты аяқтағанмын. Туғаннан денсаулығым нашар болыпты.3 жасымда жүріппін.1949 жылы 1- мамыр мерекесінде әкемнің мойнында отырып парад көріппін. Үйге қайтып бара жатып, сап түзеген солдаттарды көріп, жерге түсуге сұранып, адымдап кетіппін. Өзімнің жүруіме патриоттығым көмектесті.
Бірде әкеммен бірге ауыл мұғалімінен хат таныған Мекебай Жазыбаев ағаммен кездесіп қалдым. Әкем жайлы көп әңгіме айтты. Бала жасында әкем тентек болыпты. Біржолы әкем тығылып тұрып, мұғалімді шалып қалыпты. Әкемді кластан шығарып жіберіпті. Кластары қазақ үй, оқушылар айнала отырып жазады, тыңдайды. Кіруге рұқсаты болмаған соң әкем сабақты жабықтың артынан тыңдапты.Балалар сыртқа шыққан соң әкем олардың оқығанын қаз қалпында айтып береді екен.Сол оқиғадан соң әкем басқа жерге оқуға ауысып, фамилиясын ауыстырыпты.
Әкем Мекебай ағамен арада 33 жыл өткен соң Бурабай санаторийінде кездесіпті.
Әкемнің өмірбаянына көз салсаңыз, «Семейде оқыған», «Оралда оқыған» деген жолдарды кездестіреміз. Бірақ, әкем сол оқулардың ешқайсысын аяқтамаған. Өзі анкета толтырғанда «Білімі»деген графаға: «Ортадан жоғары, жоғарыдан орта» деп жазады екен.
«Дариға, сол қыз» өлеңін жатқа оқып береді. (Бердембек)
2001 жылы Қасым Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойына орай Сарыобалықтар Қасым тойына 3-4 ай бойы дайындалыпты. Ауыл болып рақымжан қорасын ретке келтіріпті. Қасым құдығын тауыпты. Ғасырға жуық тұрған Қасым құдығы тартылмапты. Суын тазартып, ернеуін бір құлаштай көтеріп шегендеген. Келген қонақтар алдында ұялмайтындай болыпты. Бұл игі істі бастаған ел ағасы, ақын, Сарыобал жерінің азаматы Бағдат Шахмерденов ағамыз.
Сарыобал жеріндегі Қасым құдығы (Слайд).
Қасым Аманжолов ақын, прозашы, аудармашы, драмашы. (Прозалық шығармалары, драмалық шығармаларымен таныстыру) (Слайд).
Пайдаланған әдебиет: Қасым Аманжолов шығармалар жинағы 4том Алматы «Жазушы»1980 ж.
Ақынның жасы жылдарымен өлшенбейді, елге берген еңбегімен есептеледі. Туған елге, туған жерге арналған өлеңдеріжылдар қанатымен бірге самғап келешек күндердің кеңістігіне көтеріледі, яғни мәңгі жырланады.
Олай болса бізге Мейрам «Туған жер» өлеңін оқып береді
Сабақты қорытындылау.
Ақынның 80 жылдық мерейтойында ашылған ескерткіш басында жазушы Ғафу Қайырбеков оқыған мына жыр жолдарымен сабағымызды қорытындыласақ деймін.
Еске алсам, ескі күннің мұнарынан, Жасамай кеткен сабаз жарым жасын
Бой созып бір өзгеше шығады ұлан Бұл күнгі біз қайтеміз деймін тағы
Еңіреп ерте айырылып кеткен еді ол, Өлеңнің жазып кетсе бәрін Қасым.
Өмірдің маздап жанған шырағынан.
Еске алдым мінезіңді сағынғасын,
Достарыңызбен бөлісу: |