Сабақ тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір Жалпы мақсат


Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар



бет2/3
Дата05.06.2017
өлшемі412,9 Kb.
#17966
түріСабақ
1   2   3

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

04.02.2015 ж.

Қазақ тілі

45 минут

9 сынып


Сабақ тақырыбы:

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір


Жалпы мақсат:

Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетемен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып-үйренудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу. Үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру.

Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақ тілі 9- сынып оқулығы «Арман-ПВ»2013 ж.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топта, жұпта жұмыс жасай алады, диалог құрастыра алады. Оқушылар бір –бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.

Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасалынады.



Негізгі идеялар:

Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, тыныс белгілеріне арналған демонстрациялық материал.

Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау.

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту.

Интерактивті оқыту әдісі.

Оқыту үшін бағалау.




1.Жеке жұмыс

2.Топтық жұмыс

3.Жұптық жұмыс

4.Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны



Дерек көздері:

қосымша материалдар, ғаламтор.

Қолданылу аясы

Мәтіндерде,оқулықтарда қолданылады.

Негізгі қызметі

Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу.

Қосымша көмекші қызметі

Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым ишара, кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.

Ойлау деңг.

Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Білу

Сөйлем ішіне ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет ететін қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер бар . Оларды сөйлем ішінен қалай айырып алуға болады.

1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.

2. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)

3.Қыстырма сөйлем дегеніміз не?

4.Қаратпа сөз дегеніміз не?




  1. Үтір (,) Шешендік сөз шешендікке, адамгершілікке тәрбиелейді.

  2. Қос нүкте (:) Ел деген мұз сияқты: ақырын ұстасаң, - түсіп кетеді.

  3. Жақша () Жақсылық–кісінің табандылығында. (М.Әуезов)

Берілген мысалдардың тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын тексеру

Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.

Түсіну


Слайд бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады.




Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер қандай ерекшелеуші қызметтер атқарады.

1.Тырнақша (“”) Қазыбек биден бір адам “кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беруін сұрапты.

2.Сызықша (-) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.

3.Нүктелі үтір (;) Ақылды ісіне сенеді; Ақымақ күшіне сенеді;Әңгүдік түсіне сенеді.

Мысалдарда қойылған тыныс белгілерінің атқарып тұрған қызметін анықта



Бағалау парағын толтырады.




Қолдану

  • Қазыбек, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын.

  • Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.

  • Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын сотқар болып едің.

  • Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады. Қай жерде қандай тыныс белгі қойылған.

Тыныс белгілері сөйлем ішіндегі қандай сөздердің мағынасын қызметін көрсету үшін қолданады.

159-жаттығу Көшіріп жазыңдар.Сөйлем ішіндегі тыныс белгілеріне назар аударыңдар.

Конфуций соңында көптеген еңбектер қалдырған. Соның ең көрнектісі «Луньюй»- «Қанатты сөздер»деп аталады.



Топтық бағалаулар жасау, оны талқылау.

Талдау


Сергіту сәті:
Тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С.Жиенбаев,Ә.Хасенов,Ф.Мұсабекова,Р.Сыздықова,т.б.ғалымдардың еңбектері шыққан

1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тиісті орынға тыныс белгісін қой.

2. Қаратпа сөздерді бірде сөйлемнің алдына, бірде ортасына, бірде аяғына қойып, оларды тыныс белгілерімен айырып жазыңдар.

3. Одағай сөздерді тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.



160-жаттығу Мәтінді оқып, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріңдер. Стилін анықтаңдар. Мәтіннен кестеде көрсетілген сөз таптарына үш мысал тауып толтырыңдар.

1.Дара зат есім

2.Жалпы есім

3.Туынды зат есім

4.Көсемше тұлғалы етістік

5.Сабақты етістік.


Белсенді оқушыларды бақылап отыру.


Бағалау парағына жазу.

Синтез /Жинақтау/

Тыныс белгілерге байланысты жетекші сұрақтар

қою арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.




Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия). Сұрақ – жауап.

1. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.

2. Үтір қандай жағдайда қойылады?

3.Карточкамен жұмыс



Үтірді қойғанда тыныс белгілерін қолданудың грамматикалық, мағыналық , интонациялық принциптерін есте сақтау қажет.

Кестені толтырады.


Топтардың бірін –бірі бағалауы. Мұғалім өз бағасын жасайды.






Бағалау

«Кестені толтыру» рефлексия

Мен нені үйрендім

Маған не қажет

Менің білетіндерім


Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.

162-жаттығу

Мәтіндегі үтірлердің қойылу себебін түсіндіріңдер.Жазушының жайлау көркін суреттеу тіліндегі ерешеліктеріне тоқталыңдар.



Тексердім____________________

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

28.01.2015 ж.

Қазақ тілі

45 минут

9 сынып

Сабақ тақырыбы:

Леп белгісі.Көп нүкте. Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілері. Нүкте. Сұрау белгісі.

Жалпы мақсат:

Леп белгісінің тілек,өтініш,ашық бұйрық, зекіру сияқты мағыналарды білдіретін сөйлемдерден кейін ғана қойылатынын білдіру.Оқушыларға лепті сөйлемдердің көбіне ауызекі сөйлеу стиліне тән екендігін ,сондықтан көркем әдебиетте ,оның ішінде диологте көбірек кездесетінін,тағы поэзияда,баспасөз стилінде ұшырасатындығын түсіндіру. Көп нүктенің ой аяқталмай қалған кезде, алынған цитаталардың басынан не соңынан сөйлем не сөз қалдырылса, сөйлеушінің ойының бөлініп, дауыс ырғағында үзіліс болған жағдайда, айтылып жатқан ойға күтпеген ой араласса тарихи деректердің ескіріп, жойылып кеткен тұстарына қойылатынын меңгерту. Сауатты жазуға баулу.

Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақ тілі 9- сынып оқулығы «Арман-ПВ»2013 ж.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топта, жұпта жұмыс жасай алады,диалог құрастыра алады. Оқушылар бір –бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.Сөздік қорлары дамиды. Білімге құштарлықтары ашылады;

Негізгі идеялар:

Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, біріккен сөздерге арналған демонстрациялық материал.

Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау.

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту

Интерактивті оқыту әдісі;

Оқыту үшін бағалау;



1.Жеке жұмыс

2.Топтық жұмыс

3.Жұптық жұмыс

4.Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны



Дерек көздері:

қосымша материалдар, ғаламтор.

Қолданылу аясы

Мәтіндерде,оқулықтарда қолданылады.

Негізгі қызметі

Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу.

Қосымша көмекші қызметі

Леп белгісінің қойылатын орындары:1.Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. М:Қош келдің,ағатай! Аяқталмай, іште қалған ойды тұспалдап, көп нүкте қойылады. Көпшілік назарына ұсынылатын шығармада автордың мақсатына орай көп нүкте қойылатын тұстар болады.




Ойлау деңг.

Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдас

тыру кезеңі:



- Сыныпта кім жоқ?

-Бүгін ауа райы қандай?




1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

2. Жылулық шеңбері




Шеңберге тұрып, жақсы, жағымды сөздерді айту.

Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы топқа бөліну.


Білу

Лепті сөйлем –белгілі шындық құбылыс туралы,

белгілі субьект жайында айтушының эмоциялық қатынасын ,сезімін, көңіл күйін үстемелей не арнайы білдіретін сөйлемдер.




Ой аяқталмай немесе бір ой келесі оймен байланысқа түспей шашы-раңқы айтыл-ғанда көп нүкте қойылады. Мыс: Сен келгенде...

Ә ,оны айту міндетті емес.



Сөйлем соңына қойылатын т.б Даралаушы қызмет атқарады Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады.Құрмалас сөйлем жігіне қойылатын тыныс белгілер ойдың ара жігін ажырату үшін қызмет атқарады

Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.

Түсіну


Қазақ тілінде тыныс белгілерді алғаш рет А.Байтұрсынов тұжрымдады.Ол(-)жинақтау белгісі,(.)НОҚАТ,ҮТІРЛІ НОҚАТ(;),үтір(,),қос ноқат (:),сұрау(?),леп белгісі(!),көп ноқат(.........),қос тырнақша (“ “ )тәрізді тыныс белгілері болатынын ,олардың қойылатын орындарын көрсеткен.


Тыныс белгілері

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері Құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілер

Т.б.сөйлемнің құылымдық ерекшеліктеріне сүйене қою-грамматикалық принцип.Мағыналық бөлік:синтаксистік құрылымы, логикалық мағынасы бар , дауыс ырғағымен ерекшеленеді.


10 минут уақыт беріледі.

Постер құрайды, өз сөздерімен қорғайды.

Балалар бір –бірінің жұмыстарына баға береді.1-5 баллды айтады.

Балалардың жауаптарын тыңдау.

Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді.


Бағалау парағын толтырады.




Қолдану

Қосымша көмекші қызметі :.

1.Енді балаларға “Ым-ишараның бәрін тыныс белгісімен бере алмайтынымызды , бірақ сөйлеген сөзіне қойылған тыныс белгілері арқылы көңіл-күй , сезім құбылысын жеткізуге болады”деп түсіндіру.



Леп белгісі-өтініш,ескерту,қорқыту,шошыту.

Сұрау белгісі-жауап алу,шарасыздық.

Көп нүкте-ойдың аяқталмағанын,ескерту мәнін білдіреді.

-Тыныс белгілері ең алдымен,сөйлемнің грамматикалық құрылысына байланысты қойылады.



. Тыныс белгілері және оларды қолдану жөнінде С.Жиенбаев,Ә.Хасенов,Ф.Мұсабекова,Р.Сыздықова,т.б.ғалымдардың еңбектері шыққан дәптерге жазу.

Сөйлем-қарым-қатынас жасаудың басты құралы, тиянақталған ой оқушысы ойдың аяқталмағанын білуі қажет.



Топтық бағалаулар жасау, оны талқылау.

Талдау


Сергіту сәті:
-Ал, балалар сергіту сәтін өткіземін, әбден шаршаған боларсыздар.Орнымыздан тұрамыз,


-123-жаттығу. Тапсырмаларды топқа бөліп орындаңдар.

І топ. Мәтінді рөлге бөліп оқып, тыныс белгілерінің қандай негізде қойылғанын, олардың қызметін анықтаңдар.

ІІ топ. Леп белгісі, сұрау белгісі, қойылған сөйлемдерді теріп жазыңдар.


Балалар орындарынан тұрып, «Биле, биле» сергітуін жасайды.
1) Балалар, пунктуацияның ережесін айтады, талдайды, мысал келтіреді. Сұрақтарға жауап береді.

Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңдар.


Белсенді оқушыларды бақылап отыру.


Бағалау парағына жазу.

Синтез /Жинақтау/

Тыныс белгілерге байланысты жетекші сұрақтар

қою арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.




145-жаттығу. Тапсырманы топқа бөліп орындаңдар.

Мәтінмен танысып, «Өзің білме,білгеннің тілін алма »деген сөздің астарын талдап беріңдер.



Әр оқушы алған рөлді, эмоциямен орындаулары керек.


Топтардың бірін –бірі бағалауы. Мұғалім өз бағасын жасайды.






Бағалау

Үйге тапсырма

«Алақан» рефлексия

Бас бармақ – бұл керемет,маған ұнады.

Балан үйрек – бұл жерде ахуал бар.

Ортан терек – мүлдем маған ұнамады.

Шылдыр шүмек – бұған көңіл аудару керек.

Кішкене бөбек – маған жетпей қалды.

Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.

Рефлексияны қарау, қорытынды жасау.

147-153 жаттығулар

Тексердім____________________

Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар

21.01.2015 ж.

Қазақ тілі

45 минут

9 сынып


Сабақ тақырыбы:

Пунктуация. Қолданылу негіздері мен қолданылатын орындары. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері. Нүкте. Сұрау белгісі.

Жалпы мақсат:

Жазба тілдегі тыныс белгілерін дұрыс қоя білуuе,сауаттылыққа баулу. Жалпы тыныс белгілердің өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері әр түрлі болатынын ескере келіп, леп белгісі,үтір, көп нүкте, сызықша, қабаттаса келген сұрау белгісін талдап, олардың қимыл-әрекеттің бәрін қалай білдіріп жандандырғанын тәжірибе жұмыстары арқылы үйрету.

Сілтеме:

Нұсқаулық, Қазақ тілі 9- сынып оқулығы «Арман-ПВ»2013 ж.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Топта, жұпта жұмыс жасай алады,диалог құрастыра алады. Оқушылар бір –бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.

Сөздік қорлары дамиды. Білімге құштарлықтары ашылады;



Негізгі идеялар:

Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.



Сабақта қолданылатын ресурстар:

Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, біріккен сөздерге арналған демонстрациялық материал.

Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау.

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту

Интерактивті оқыту әдісі;

Оқыту үшін бағалау;




  1. Жеке жұмыс

  2. Топтық жұмыс

  3. Жұптық жұмыс

  4. Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны

Дерек көздері:

қосымша материалдар, ғаламтор.

Қолданылу аясы

Мәтіндерде,оқулықтарда қолданылады.

Негізгі қызметі

Айтылған ойды екі ұшты етпей дәл, түсінікті жеткізу.

Қосымша көмекші қызметі

Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым ишара,кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет