Сабақ тақырыбы: Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі1,21 Mb.
#30968
түріСабақ
1   2   3
Бұл тапсырманы орындауды «Шаш үлгісі қысқалар» тобы алғырлық танытты. Әсіресе топ мүшелері Ж.Е., Қ.М. белсене орындап, ой ерекшеліктерін, жылдам шешім қабылдау мүмкіндіктерін көрсетті.

Топтарды бір–бірі бағалауға шақырдым. Сіздерге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сіздерге қойылды... Неге? Сіздер баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болды ма? Сіздердің бағалауларыңыз қандай аспектілерді қамтиды? - сұрақтарына жауап беруде А.А., және К.С. қиналып, бағалауда тек тапсырманың сауатты орындалғанына қарадық десе, А.Б. және Қ.Р. алғырлықтарын, жылдам шешу қабылдау ерекшеліктерін, ойларын жеткізу мүмкіндіктерін де ескергендіктерін айтып өтті.

Білімді тәжірибеден өткізу мақсатында көрініс көрсетуге, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуге шақырдым.

1-топ. Шалқан ертегісі.

2-топ. Бауырсақ ертегісі.

Екі топта белсене қатысты. Міне, керемет. Әріптестер нағыз әртістер. Қыран топан күлкіге де кенелдік.




Әрқайсысы бала күндерін естеріне алып, өз рөлдеріне еркін енді. Топтар бір-бірін «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалап, оқушыларға да осындай тапсырмалар қызықты ғой деп ой түйді.

Келесі кезекте Блум таксономиясы туралы және бағалау түрлері бойынша Power point арқылы қысқаша мәлімет беріп өтуім бүгінгі алған білімдерін нақтылауға, жинақтауға көмектесті.



Коучинг – сессия бойынша әріптестерім өз ойларын стикер қағаздарына жазып, ұсыныс-тілектерін, жақсы пікірлерін білдірді. Үйренген әдіс-тәсілдерін сабақтарында қолданатындықтарын, коучинг-сессияның тиімді болғандықтарын атап өтті.

Жалпы, коучтік қызметімді атқарған кезден бастап, коуч ретінде кәсіби тұрғыда дами бастағанымды сезе бастаған коучинг болды. Уақытты сәл ғана ұтымды басқара алмау сияқты аздаған кемшіліктер кеткен де болар, дегенмен әріптестерімнің коучинг сессия соңындағы жарқын жүздері кочингтің әріптестеріме шынайы ұнағандығын білдіргендей болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет