Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе



бет19/32
Дата09.06.2017
өлшемі5,87 Mb.
#18302
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй тапсырмасы. §26 оқу.


Сабақ: 25

Тақырыбы: §27. Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің генеративті мүшесі – тұқым, оның құрам бөліктерін, дара жарнақты және қос жарнақты тұқымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып оқыту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік – тұқымның әрбір бөліктерінің қызметін, өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру;

Дамытушылық – өздігінен іздену, қосымша материалдарды пайдалану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Сабақтың әдісі: сарыстыра оқыту

Сабақтың көрнекілігі: «Тұқым» тақырыбында электрондық көрсетілімдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады (түзіледі), неше топқа бөлінеді?

Шырынды жемістер нешеге бөлінеді, әр түріне мысал келтіріңдер.

Неліктен құрғақ жеміс деп аталады?

Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?

Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.

Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен түсіндіріңдер.

Жұмбақтардың жауабын шешу:


  1. Ұзын мұртты сарылар,

Қырман толы дәні бар (бидай)

  1. Аласа тал, тамаша тал,

Самсап тұр алмасы (қызанақ)

  1. Біреуін жерге беріп

Күзде оны тереді (тұқым)

  1. Тіл үйірген дәмі бар,

Сары алтын түс сәні бар.

Шақсаң егер кептіріп,

Сүйегінің дәмі бар (өрік)

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жаңа сабақты ертханалық жұмысты жасата отырып түсіндіру.



Қос жарнақты

Ұқсастығы

Дара жарнақты

1. Екі тұқым жарнағы бар

2. Қабығы суға жібіткенде тез сылынады

3. Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады


1. Тұқым жарнағы бар

2. Қабығы тығыз

3. Ұрық:

- сабақша;

- тамырша

- бүршікше



1. Бір тұқым жарнағы бар

2. Қабығын суға жібіткенде ажырату қиын

3. Қоректік зат эндоспермде жиналады


15-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы.

Мақсаты: Қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің тұқымдарының құрылысын қарай отырып айырмашалықтарын анықтау.

Құрал-жабдықтар: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.

 Жұмыстың барысы:

1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап суретін салу.

2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).

3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.

4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының білеуленіп білінетінін қол әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.



5. Ойыстау жағынан (сайынан) ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне көңіл аудару.

Нәтижесі: Әрбір тұқымның құрылысын жаз:


5

4

3

2

1



1

6

5

4

3

2


Қандай тұқым?_______________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет