Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе


ІV. Бекіту. Сабақ дегеніміз не? Оның қандай түрөзгерістері бар? Құрылысы қандай? Атқаратын қызметі ше? Үй тапсырмасы



бет9/32
Дата09.06.2017
өлшемі5,87 Mb.
#18302
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

ІV. Бекіту.

Сабақ дегеніміз не? Оның қандай түрөзгерістері бар? Құрылысы қандай? Атқаратын қызметі ше?



Үй тапсырмасы. §12. оқу, 17-сурет салу.

7-зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Сабақтың ішкі құрылысымен танысу.

Мақсаты: Сабақтың ішкі құрылысын ұлғайтқыш қол әйнегімен қарап, оның қабаттарын бір-бірімен салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: қарағаш, емен, терек ағаштарының 20 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі, ағаштың жуандау (2-3 жылдық) діңінің көлденең кесіндісі (қалыңдығы 5-8 см).
Жұмыстың барысы:

1. Әр түрлі ағаштардың (қарағаш, емен, қайың, терек, тал, т. б.) жас бұтақтарынан (ұзындығы 20 см) сыртқы қабығының түсіне, қабығын жарып бұртиып шыққан (шұбарланған) жасымықшаларына, оның пішініне көңіл аударып, лупамен қарап суретін салыңдар.

2. Кез келген ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың ішкі құрылысының қабаттарын ажырату. Әр қабаты қанша көлемді алып жатқандығын (калыңдығын) ажыратып, түсіне көңіл аудару. Өзек жасушаларының ерекшеліктерін бақылап көру.

3. Оқулықтағы суретпен салыстырып талдау.


 Нәтижесі: 1) сурет бойынша 2) Бос орындарды толтыр:



Қорытынды: Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.

Қабық

Камбий

Сүрек

Өзек












1. Сабақты жуандатып өсіреді. 2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі. 3. Органикалық заттар қорға жиналады. 4. Су мен минералды заттар қозғалады. 5. Тін талшықтары орналасқан. 6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 7. Қабық пен сүректің арасында орналасады. 8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.



Сабақ: 12

Тақырыбы: §13. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – сабақтың ұзынынан өсуіне себепші факторларды және оның жуандауына әсер ететін заттардың мәнісін түсіндіру;

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жаңашырлық сезімін дамыту;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сабақ қандай қызмет атқарады? Сабақтың түрлерін атаңдар.

Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?

Өзек қандай қызмет атқарады? Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байлансты.

Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасыныкі, биіктігі 200-300 м; шырша 60 м; қайың 30-35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20-25 м; банан 3-3,5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге австралия орхидеясы (1-2 мм) мен вольфия (1-2 мм) жатады.

Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, көп өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерінің шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.

Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір мауысымның ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.

Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Ол жылдық шеңбер немесе жылдық қабат д.а.

Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық жеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады: 1)жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық щеңберге қарап өсімдіктің жасын анықтайды; 2)жылдық шеңбердің өсу қарқыны мен еніне жауын-шашын мөлшері, температура, жарық қатты әсер етеді. Егер жылдық шеңбердің ені жуан болса, ауа райы қолайлы, жіңішке болса қолайсыз болғанын көрсетеді; 3)кейде бір жылда түзілген жылдық шеңбердің жартысы жуан, жартысы жіңішке болады. Жылдық шеңберінің ені жарық мол түскен жағында жуан, аз түскен жағында жіңішке, 4)жылдық шеңберге қарап, оңтүстік пен солтүстікті анықтайды. Оңтүстікке қараған жағының шеңбері – жуан, солтүстік жағы жіңішке болып келеді.

Ағаштарда сабақ қалыптаса бастағанда-ақ тұтасқан камбийлі шеңбер түзіледі. Ағаш діңінің жуандауы камбий жасушаларының бөлінуіне байланысты.

8-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Ағаш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңбермен жұмыс.

Мақсаты: Ағаш діңдерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.

Жұмыстың барысы:

1. Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.

2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.

3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.

 Нәтижесі:

Cуретін сал













Бір жылдық өсімдік

Екі жылдық өсімдік

Үш жылдық өсімдік

Көп жылдық өсімдік


Қорытынды:

1. Жылдық шеңбер дегеніміз не?___________________________________________________

_______________________________________________________________________________


  1. Жылдық шеңберден қандай құбалыстарды байқауға болады?________________________

_______________________________________________________________________________

3. Жылдық шеңбер қалай түзіледі?__________________________________________________

_______________________________________________________________________________

ІV. Бекіту.

Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады?

Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?

Жылдық шеңбер қалай түзіледі? Одан қандай құбылыстарды байқауға болады?



Үй тапсырмасы. §13 оқып, тақырп соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.


Сабақ: 13

Тақырыбы: §14. Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы

§15. Сабақтың түрөзгерістері



Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – өсімдіктің вегетативті мүшесі – сабақ, оның бойымен қозғалатын органикалық және бейорганикалық заттардың мәнісін, сабақтың түрөзгеріс түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.



Құрал-жабдықтар: плакаттар

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады? Сабақтың ұшынан өсуін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер. Сабақтың бойлап өсуін тоқтатуға болама ма, болса қандай шаралар қолданылады?

.Шырпуды қай кезде, қандай мақсатта жүргізеді? Ағаш діңінің сүрек қабаты басқа қабатына қарағанда қалың болу себебі неліктен? Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?

Жылдық шеңбер қалай түзіледі? Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады? Бұтақтарға жылу, ылғал жетіспейтін себебі неде?



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:


1. Сабақ бойымен су мен минералды тұздардың қозғалуы

2. Сабақ бойымен органикалық заттардың қозғалуы

3. Түрі өзгерген жер үсті сабақтар.

4. Түрі өзгерген жер асты өрендер


Су мен минералды тұздардың қозғалуы. Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды заттар сабақтың қай қабаты арқылы қозғалатынымен танысалық. Өткен сабақта берілген төртінші тапсырмадағы тәжірибені талдайық. Тәжірибеден боялған суға салынған өркеннің жапырағымен, гүлінің боялғандығын көреміз. Сабағын ұстарамен көлденеңінен және ұынынан теңдей екіге қақ жарып қараңдар (ұлғайтқыш әйнекті пайдаланыңдар). Қабық пен сүрек қабаты боялмай, тек сүрек қабатының боялғаны байқалады. Бұл тәжірибеден су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалатынын білеміз.

Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы әрқилы, кеде сағатына 20-30 см көтеріледі. Су мен минералды заттардың сүрекпен қозғалуын тағы да мынадай қарапайым тәжірибеден көөруге болады: кез келген ағаштың екі бұтағын алып, бірінің 5 см-дей етіп қабығын ғана сыдырады (суға салатын жағынан). Екінші бұтақ қабығының астыңдағы сүрегін (қабығы мен ортасындағы өзегін қалдырады) алып тастайды. Екеуін де ыдыстағы суға салып қояды. Көп ұзамай сүрегі жоқ бұтақтың қурап қалғаны байқалады. Сүрегі бар бұтақ көпке дейін қурамай, тұра береді.



Органикалық заттардың қозғалуы. Жарықта жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен, крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды. Крахмал қантқа айналуы керек. Қант суда жақсы еритіндіктен қабықтағы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады. Органикалық затар қабықтағы тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады.

Органикалық заттардың қозғалысын бақылауға арналған тәжірибеде 1 ай уақыт керек. Ұзындығы 15 см-дей 2 бұтақ алынады. Біріншісін төменгі ұшынан (суға салынатын жағы) 5 см жоғарырақ жерінен қабығын (енін 3 см-дей) сақиналап кеседі. Екінші бұтақты сақиналап кеспей сол күйінде ыдыстағы суға салып қояды. Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады. Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды. Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды. Ал қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды. Бұл органикалық заттар тек қабықпен қозғалатынын дәлелдейді.



Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өрендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өрендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет