Пәнаралық
байланыстар
|
Қазақстан тарихы пәні мен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар үйренгендерін, шығармашылық жұмыста қолданылады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:
Қолөнер, өнер туындыларын зерделеу;
Өз идеялар мен ойларын шығармашыл түрде ұсыну.
Көркем композиция жасау.
|
АКТ- презентация
|
Сабақтың ортасы
15 мин
5 мин
7 мин
10 мин
|
Жаңа сабақты түсіндіру. Мұғалімнің түсіндіруі. Оқыту тәсілі – көрнекілік, жұмыстың нысаны - бүкіл сынып, қабылдау - жаңа ақпаратты меңгеру.
Халықтық сәндік-қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды.
Қазақ қол өнерінің насихаттаушылар негізінен 4 топқа бөлінеді.
Ұсталар ,зергерлер,ағаш шеберлері,ісмерлер.
Ою - өрнектердің орналасуының зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппенен кезектесіп отырмаса, өрнек әлсіз нашар болып отырады. Бояу мен түсті таңдап пайдалануда қазақ халқының этнографиялық тарихымен логикалық ұғымы өте терең.
Көк түс - аспанның символы
Қызыл түс - оттың, күн көзінің символы
Сары түс - ақыл парасаттың символы
Қара түс - жердің символы
Жасыл түс - жастықтың символы
Бұйымды оюмен әшекейлеу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек.
1 - Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемімен оның пішініне сәйкес келуі тиіс.
2 - Өрнекті композиция негізге бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі, яғни бір - бірімен жарасымды болу керек.
3 - Өрнектер бір - бірімен тепе - теңдікте болуы шарт.
4 - Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.
«1. Өсімдік типтес ою-өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»);
2.Зооморфтық ою-өрнек (жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері) «арқар», «қошқармүйіз», «қосмүйіз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты», «құсмұрын», «итқұйрық», «құс қанат».
3. Түрлі фигураларға ұқсас («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз») т.б
|
Достарыңызбен бөлісу: |