Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
-Теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады.
-«+», «-», «=», «<», «>» таңбаларын цифрларды, белгісіз сан символын қолданады.
Сабақ мақсаттары
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету, сандар, шамалар,санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту, салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Бағалау
критерийлері
Барлық оқушылар:Теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;
Оқушылардың басым бөлігі:Бірнеше амалдан тұратын (жақшасыз) өрнектің мәнін табады. Санды, әріпті өрнектер құрастыру үшін
«-», «+», «=» таңбасын қолданады.
Кейбір оқушылар:Өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіреді.теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;
Тілдік мақсаттар
1-ден 20-ға дейін орысша, ағылшынша санау,өрнектің мәні.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?
Ендеше алдымен топқа бөлініп алайық.
Топқа «Артық», «Кем», «Тең» деп бөлеміз.
Видиоролик: Артық, кем, тең
Сабақтың ортасы
Кіріспе тапсырма:
Топтық жұмыс: Әр топқа ішінде цифрлары мен суреттер және таңбалар салынған конверт ұсынылады. Әр топ өз атына сәйкес есептер құрастырып, оны дәлелдеп берулері керек.
Жұптық жұмыс: Әр оқушы бір санды өрнектен құрастырып, оның мәнін табады. Шыққан санды екеуі жұпта салыстырады. Мысалы:
Бірінші ойыншы: 2+3
Екінші ойыншы: 6+4
2+3 ? 6+4
5 < 10
Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіріңіз. Мысалы:
2 + 3 ? 6 + 4;
5 < 10;
2 + 3 < 6 + 4.
Осы тұжырымды бекіту мақсатында ойынды тағы да екі рет ойнауды ұсыныңыз.
Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс
Хайуанаттар дүкенінде. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізіңіз. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраңыз. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері,торлар,
аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады.
Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыныңыз. Құрастырған санды өрнектерді салыстыртыңыз. Тапсырманы орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастырыңыз. Тапсырманы тез орындап болған оқушыларға “Хайуанат дүкеніне саяхат” тақырыбына сурет салып, тиісті өрнектер құрастырып, салыстыруды ұсыныңыз.
Жауабы:
3 + 4 = 2 + 5;
6 + 6 > 8 + 3;
4 + 4 < 2 + 8.
Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып беріңіз. Мүмкіндік болса интерактивті тақтаны немесе ламинатталған бетті пайдаланыңыз. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде де ұйымдастыруға болады. Жарыс кезінде тапсырма жазылған қағазды шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға беріп, жауаптарын жазуға барлық оқушылар қатысатындай етіп жағалатып жіберіңіз. Сол сияқты тапсырманы тақтаға тізбектеп орындатуға да болады.
Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалатыңыз. Оқушылар тапсырманың орындалуын өзара немесе мұғалім бағалайды.
Цифрды анықта. Оқушылар бірдей суреттерді бірдей цифрлармен ауыстырып, өз бетінше санды өрнектер құрастырады және салыстырады. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар тиісті сандарды таңдайды.
Жеке тапсырма: Бағытты таңда: Оқушылар тапсырмадағы санды өрнектердің мәндерін салыстырып, салыстыру белгілерін қояды және суреттегі теңдікке апаратын жолды бояиды.