І. Қызығушылығын ояту.
«Сарматтар» бейнебаян көрсетіледі
-Ендеше, балалар, бұл бейнебаянда қай тайпа жайында әңгіме болып отыр?
-Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?
Оқушылар бейнебаянды мұқият тыңдап, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады
Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ.Мағынаны тану. Жаңа сабақ. «ДЖИГСО» әдісі бойынша оқушыларға мәтін бөліктері беріледі.
3 топқа үш түрлі мәтін беріледі, әр топ мәтін бөлігін оқып танысады
1-топ. Сарматтардың қоныстануы
2-топ. Сарматтардың қоғамдық құрылысы
3-топ. Әскери демократия. Әлеуметтік теңсіздік
Топта талқылайды, постер құрады.
«Аялдама» стратегиясы бойынша постер қорғау. Әр топты критерий арқылы бағалайды.
ІІІ. Ой толғаныс кезеңі.
Жеке жұмыс: деңгейлік тапсырмалар беру.
А деңгейлі оқушыға хабарлама жазып келу алдын ала тапсырылады
В деңгейлі оқушыға ашық тест
С деңгейлі оқушыға тарихи сынақхат.
«Бағдаршам» арқылы өзара бағалау.
«Балық сүйегі» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекітеді
|