Сабақ тақырыбы: Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден!
Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД- тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
1 – жүргізуші:
Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,
Аман-есен өтіп келем өткелден,
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
2 – жүргізуші:
Аты өшсін бұл кеселдің СПИД деген
Естісең түршігеді бұған денем
Жалбарынып сұраймын жаратқаннан
Сақтасын деп халқымды аман – есен .
1 – жүргізуші:
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық.
Өз өмірің, өз қолыңда ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық?!
2 – жүргізуші:Армысыздар қазақ деген қайсар елдің білімді жастары мен ұлағатты ұстаздары. Сіздерге 1-желтоқсан “Бүкілдүниежүзілік ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне” орай “Сақтан ұрпақ СПИД деген қатерден” атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер дейміз!
Бүгінгі сабағымыздың ұраны:
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір са лтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
Кіріспе сөз: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.Аданың ақыл – ойын, денсаулығын сақта басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын » насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі назарларыңызға ұсынып отырған тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.
1-Жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының дректеріне сүйенсек, республика бойнша ерлердің 57 пайызы , жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдардың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен.
2-Жүргізуші: Мектеп оқушыларының 29,5 пайызы нашқорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім , әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдер екенін көреміз.
1-Жүргізуші: Олай болса, « салауаты өмір салты » осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олрдың жан – жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.
2-Жүргізуші:Темекі — әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды ішетін кеміріп жейтін жегі құрт. Темекінің зияны, нашақорлық туралы І топ сөйлейді.
1-Жүргізуші:Алкоголь – адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Алькоголь – «нерв уы » деп бекер айтылмаған. Осы жайында ІІ топқа сөз береміз.
2-Жүргізуші:
Шайтандарға артық ау,
Ләззат алған бір кеші.
Қажеті жоқ шет жақтың,
Үлдесі мен бүлдесі.
Енді ғана халқым ау, есті жия беріп ең,
Қайдан келді ғасырдың СПИД деген індеті?
Спид туралы өз ойларын ІІІ топ айтады.
1- жүргізуші:
Ситуациялық жағдай. ІІІ топқа сұрақтар таратылады. Сол бойынша ойларыңызбен бөлісесіздер.
1. Топқа жаңадан студент келді . Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
2. Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едің?
3. Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?
2- жүргізуші:
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші
1- жүргізуші: Олай болса мақал – мәтел айтып жарысайық.
1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )
1 – жүргізуші: Көрініс: « Жын мен Періште »
Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап.
Арақ: - Ей адамзат неге жүрсің серіксіз?
Наша: — Танысайық, жақындашы сен бізге.
Темекі: - Біз достыққа әрқашан да берікпіз.
Жігіт: - Бұрын көрген секілдімін бір жерден.
Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?
(Жігітті айналып жүреді )
Арақ:
Менің даңқым көп тараған кең жерде,
Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.
Мен – Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең,
Шақырмай – ақ жетіп келем сендерге .
Темекі:
Жас өмірің атқан кезде таң болып,
Есіңде ме, менде саған жолыққам.
Талай – талай бірге жүрдік серік боп,
Содан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде
Наша:
Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,
Кей күндері бірге жүрген досыңның,
Баянсызын сезінгеде жолықтым.
(Өзімен бірге жігітті ертіп кете береді. «…………»)
Періште:
-Ей, ақымақ, ақымақ,
Жақын болма жаманға!
Жалыныңды сөндіріп,
Жастығыңды күйдіріп,
Сезіміңді қорлатасың оларға.
Жігіт:
Денсаулықтың басшысы,
Жан – тәнімді өз қолыңа беремін.
Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,
Айтқаныңа көнемін.
Періште:
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді қоғам жүгін арқалар
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,
Айта алмаймын ертеңінесенем деп.
Талап:
Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үні,
Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі
Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,
Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен
Ақыл:
Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?
Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.
Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді,
Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.
Періште:
Ана сүті арамдықты суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Темекіден түтн сорсаң улайсың,
Өзіңді — өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
Ақылды болсаң жас жігіт,
Сөзімді менің тыңдайсың!
Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сияқтымын, сендерге айтарым:
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға жаман болма.
Тек көзіңді жасауратпа,
Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.
(Осыдан кейін, бәрі бірге шығып, қол ұстасып басын иеді ).
2 – жүргізуші:
БИ «Гимнастика»
Абайлаңдар СПИД-тен, абайлаңдар!
Келеді ғасырымыз нұрға айналып,
СПИД дерті шыға келді жырға айналып.
Енді міне тағдырдың тәлкегінде,
СПИД деген бәле тұр шыр айналып.
Арын сатып ақшаға мансап қуып,
Жастар жүр қазағыма салып бүлік.
Сол жастарға ақыл берер ақылшымыз,
Кім бар екен айтатын иық жұлып.
Сол бір нәрсе ойымды мазалайды,
Кайдан келді СПИД деп қазбалайды.
Өзге елге елеңдеп еліктесең,
Сол СПИД әрбір жасты жазалайды.
Ей жастар біз емес пе ертеңі елдің,
Жол табу мақсатымыз енді біздің.
Қатерлі дерт СПИД ті жойып тастау,
Қолымыздан келер іс сіз бен біздің.
СПИД-тен қорғаныңдар абайлыңдар,
Көзді ашып жан-жаққа қарайлыңдар.
Қатерлі дерт өзегінде кетіп қалмай,
Абайлаңдар, СПИД-тен абайлаңдар!
Ендеше тәрбие сағатымызды «СПИД жойылсын» әнімен аяқтаймыз.
1.Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын.
Қайырмасы: Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
2. Есірткі құрысын, ішімдік жойылсын
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Дені сау қазақтың ұл – қыздары
Көбейе берсін, көбейсін
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
3.
Жойылсын жалғыз сөз спид деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын
Есірткі құрысын, ішімдік жойылсын
Жойылсын барлығы жойылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |