Сабақ тақырыбы Сезім мүшелері туралы не білемін?



Дата25.06.2020
өлшемі31,42 Kb.
#74535
түріСабақ
Байланысты:
2сынып 1бөлім

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Өзім туралы


Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:

Сынып: 2

Сабақ тақырыбы

Сезім мүшелері туралы не білемін?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.3.1 мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу

2.4.1.3*«и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Оқушылардың көпшілігі:

  • Сөздерді пайдаланып ертегі құрастыра алады;

Кейбір оқушылар:

  • Өз ертегісін құрастыра алады;



Жетістік критерилері

Сөздерді пайдаланып ертегі құрастыра алады;

Сөздік қор

көшенің қиылысы, жең, асығу, адасу, мекенжай, іздеу, тосу, қайырымды

Құндылықтарды дарыту

Қамқорлық

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Әңгімені мазмұндай алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 минут


Ортадағы шеңберге жиналу.

Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!



Слайд

Сабақтың ортасы

5 минут


10 мин

10 минут


5 минут

10 минут


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Өткен сабақта меңгерген сөздерін қайталады.

А) Оқушылар шеңберге жиналады;

В) Мұғалім сөздерді айтады, оқушылар қимылмен көрсетеді.

Топтық жұмы: сезім мүшелері дегеніміз не?

Құлақ


Мұрын

Тіл


Тері

Көз


А) Топта талқылау.

В) Ортада ой бөлісу



Дәптермен жұмыс. Шағын сөздік диктант. (жұмыстарын тапсырады)

Ертегі деп халық арманынан шыққан көркем әңгімені айтамыз. Ертегіде ойдан шығарылған оқиға айтылады.



Жұптық жұмыс. Ертегіні жалғастыр. (өздері жалғастырып, ортада айтады, бір бірін бағалайды.)

Тапсырма: ертегінің басы беріледі, аяғын оқушылар жалғастарады.

Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы (мысал)

Шәкен Күмісбаев
Ойда жоқта адамның көзі, құлағы, аузы, мұрны бір уәжге келмей айтысып қалады.

  • Мен болмасам, адам атаулы өмір сүре алмас еді,-деп бастайды Көз дауын.

  • Асқар биік тауларды, жазық-жазық белдерді, көк толқын көлдерді мен арқылы көреді. Менсіз бәрі-қара түнек қапас тіршілік. Оның несі сән? Сұлулықты, биіктікті, тереңдікті, қашықтықты адам мен арқылы болжайды.

Мына сөзге шыдамай кеткен құлақ көзге дүрсе қоя берді.

  • Әй, көз бауырым, мен болмасам, адам бұрқана соққан дауылды, көк теңіздің толқығанын, бұлақтың сыңғырлаған сұлу сылдырын, аспанда ұшқан аққудың қанатының суылын, тіпті бірінің сөзін бірі естімес еді,-дейді ол.

  • Сендер текке тәжікелеседі екенсіңдер,-дейді мұрын араға түсіп. –Мен болмасам, адам атаулы тыныс ала ма, тұншығып өлмей ме?! Таза ауаны, қолқаны қапқан түтінді түйсіне ме?!

  • Бәріңдікі бос сөз. Мен болмасам, аштан қаларсыңдар. Ащының да, тәттінің де дәмін білмей дал боларсыңдар,-дейді ауыз.

Олардың айтыс-таласын тыңдай-тыңдай жалыққан Ми сол кезде қалғып кеткен екен.

Міне, ғажап! Көз көруден, Құлақ естуден, Мұрын иісті сезуден, ал Ауыз сөйлеуден қалып, олар да еріксіз ұйықтап қалыпты.



Тапсырма: ертегіге ат қой;

ертегіні жалғастыр.



Үйге тапсырма: менің сүйікті ертегі кейіпкерім (ауызша)

Қадір Мырза Әлі — «Не үшін?» өлеңі ұсынуға болады.

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін.

-Екі қолың не үшін керек?

-Елге көмек беру үшін.

-Құлақ деген не үшін керек?

-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

-Жүрек деген не үшін керек?

-Жауларымнан қыңбау үшін.

-Тіл мен жағың не үшін керек?

-Ақиқатты айту үшін.

-Ал аяғың…

-Шетте жүрсем, Туған жерге қайту үшін!



Слайдпен жұмыс

Үлестірмелі материал


Слайдпен жұмыс


Үлестірмелі материал (суреттер)

Үлестірмелі материал

Үлестірмелі материал




Сабақтың соңы

5 мин


Сезіміңді анықта! (сабақта қандай сезімде болдың?) Өз сезімін анықтап, жанына белгі қояды, түсіндіреді.

Қуаныш

Сенім

Қорқыныш



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады.







Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет