Сабақ тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері. Аналитикалық



бет1/2
Дата06.07.2018
өлшемі0,59 Mb.
#47704
түріСабақ
  1   2
Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар: 6.4В Шамалар арасындағы тәуелділіктер

Пән: Математика Мектеп: Мұғалжар орта мектебі

Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Л.С.Атаева

Сынып: 6 қазақ Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы:

Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері. Аналитикалық (формула арқылы)

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме


6.5.2.5 Шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару;

6.5.2.6 Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу;

6.5.2.7 Сипаттама бойынша тәуелділіктің формуласын жазу;


Сабақ мақсаттары

▪Функционалдық тәуелділік немесе функцияның анықтамасын айтады,

▪Тәуелді және тәуелсіз айнымалыны ажырата алады.▪Аргументтің мәніне сәйкес функцияның мәнін немесе функцияның мәні берілсе арументтің мәнін табуды біледі.

▪Функцияның анықталу облысын таба біледі.

▪Функцияның мәндерінің аймағын табуды біледі.



Бағалау критерийі

  1. Функция туралы түсінік береді.

  2. Тәуелді және тәуелсіз айнымалыны ажырата алады.

  3. Аргументтің мәніне сәйкес функцияның мәнін немесе функцияның мәні берілсе арументтің мәнін табуды түсіндіреді.

  4. Функцияның анықталу облысын және функцияның мәндерінің аймағын табады.

Тілдік мақсаттар:

Функция туралы түсінік береді, тәуелді және тәуелсіз айнымалыны ажыратып айта алады.

Функцияның анықталу облысыжәне функцияның мәндерінің аймағын тауып,оқи алады.

Тәуелді айнымалымен тәуелсіз айнымалының айырмашылығы неде?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пәнаралықбайланыс

Физика(санның стандарт түрі, өлшем бірліктері),география(экономикалық өсу,демографиялық өсу)

Алдыңғыбілім

x – тің орнына сан беріп, y – тің мәнін таба біледі

Сан аралығын таба алады.

Санды теңсіздіктердің қасиеттері бойынша жұмыс жасай біледі.



Сабақбарысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері


Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал тудыру:«Сәлемдеме жіберіңіз». Затты бірнеше қабат қағазға\газетке ораңыз. Оқушылар әуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді: музыка тоқтаған кезде оқушы бір қабатын ашады. Әр қабатта тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты әрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.

Топқа бөлу: Оқушыларды артында есеп жасырылғанфигуралар:

бойынша 3 топқа бөлу.



  1. Қайталау сұрақтары:

«Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап».



Жаңа тақырып.

«Білгенге маржан». Топпен талқылап, постер қорғау.

Мұғалім:Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады. Тәуелді айнымалы – осы аргументтің функциясы немесе функция деп аталады.Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: y=f(x), оқылуы “икстен эф”.Мұндағы x – аргумент, y – функция. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады.



«Білімдіден шыққан сөз».Ауызша есеп.

1255. Тәуелсіз айнымалыны, тәуелді айнымалыны атаңдар. (ауызша)

s=50t; S=ab; p=2(3+b);

y=3x; y=2x+1; y=1/x.

Оқулықпен жұмыс:



тобы: №1257. (1), 1260 – тәуелсіз айнымалының мәні берілген, тәуелді айнымалының мәнін тап.

тобы: №1262 – теңдеуді шешіңдер

тобы:№1281 (1,2),

1269. Формуламен берілген функциялардың әрқайсысының анықталу аймағын таңдап алыңдар.



Сергіту сәті:

Интербелсенді тақтадан көрсету. Кинезиология әдісі

5)Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ.

1. Функция немен беріледі? Ф О Р М У Л А


2. Тәуелсіз айнымалы не деп аталады?

А Р Г У М Е Н Т


3. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның қандай аймағы деп аталады? А Н Ы Қ Т А Л У
4. Координаталық жазықтықтағы әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділіктің сызықпен кескінделуі? Г Р А Ф И К
5. «Функция» терминін математикаға тұңғыш енгізген неміс физик - математигі?

Л Е Й Б Н И Ц


6. Квадраттық барлық қабырғаларының қосындысы? П Е Р И М Е Т Р
7. Аргументке тәуелді айнымалы не деп аталады? Ф У Н К Ц И Я


Логикалық есеп.

1275. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?



  1. Ш (Ә(х));

  2. Ш (Ш(х));

  3. Ә (Ә(х));

  4. Ә(Ш(х)).

Жедел тест





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет