Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал тудыру:«Сәлемдеме жіберіңіз». Затты бірнеше қабат қағазға\газетке ораңыз. Оқушылар әуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді: музыка тоқтаған кезде оқушы бір қабатын ашады. Әр қабатта тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты әрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.
Топқа бөлу: Оқушыларды артында есеп жасырылғанфигуралар:
бойынша 3 топқа бөлу.
Қайталау сұрақтары:
«Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап».
Жаңа тақырып.
«Білгенге маржан». Топпен талқылап, постер қорғау.
Мұғалім:Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады. Тәуелді айнымалы – осы аргументтің функциясы немесе функция деп аталады.Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: y=f(x), оқылуы “икстен эф”.Мұндағы x – аргумент, y – функция. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады.
«Білімдіден шыққан сөз».Ауызша есеп.
1255. Тәуелсіз айнымалыны, тәуелді айнымалыны атаңдар. (ауызша)
s=50t; S=ab; p=2(3+b);
y=3x; y=2x+1; y=1/x.
Оқулықпен жұмыс:
тобы: №1257. (1), №1260 – тәуелсіз айнымалының мәні берілген, тәуелді айнымалының мәнін тап.
тобы: №1262 – теңдеуді шешіңдер
тобы:№1281 (1,2),
№1269. Формуламен берілген функциялардың әрқайсысының анықталу аймағын таңдап алыңдар.
Сергіту сәті:
Интербелсенді тақтадан көрсету. Кинезиология әдісі
5)Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ.
1. Функция немен беріледі? Ф О Р М У Л А
2. Тәуелсіз айнымалы не деп аталады?
А Р Г У М Е Н Т
3. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның қандай аймағы деп аталады? А Н Ы Қ Т А Л У
4. Координаталық жазықтықтағы әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділіктің сызықпен кескінделуі? Г Р А Ф И К
5. «Функция» терминін математикаға тұңғыш енгізген неміс физик - математигі?
Л Е Й Б Н И Ц
6. Квадраттық барлық қабырғаларының қосындысы? П Е Р И М Е Т Р
7. Аргументке тәуелді айнымалы не деп аталады? Ф У Н К Ц И Я
Логикалық есеп.
№1275. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады?
Ш (Ә(х));
Ш (Ш(х));
Ә (Ә(х));
Ә(Ш(х)).
Жедел тест
|