Оқушылар сабақ соңында:
санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі;
әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқуды үйре неді.
Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қойыңыз:
— әріпті өрнектердің санды өрнектерден айыр машылығы неде?
— 7 + b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.
— 7 – b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.
— 7 + b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріпті қоюға болады? b-ның орнына қандай сан қоюға болады?
— 7 – b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріп пен сан қоюға болады? Оқушыларға өз жауаптарын түсіндіруді ұсыныңыз.
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” арқылы өз-өзін бағалатыңыз.
|