Әріпті өрнек немесе белгісізі бар өрнек —
әріптер (белгісіздер) мен сандардан тұратын мате матикалық жазба және арифметикалық амал белгілерінің көмегімен берілген. Есептеу әріптің орнына қойылатын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды.Әріпті өрнектерде латын әліпбиінің кіші әріптері қолданылады.
Кіріспе тапсырма. Сабақты топпен жұмыс істеу ден бастаңыз. Әр топқа ламинатталған қағаздарды және маркерлерді таратып беріңіз. Сыныпқа кестені көрсетіп таныстырыңыз. Оқушылардан бос торкөз дермен өрнектер құрастыруды сұраңыз.
1-қосылғыш
|
2-қосылғыш
|
Өрнек
|
|
|
|
|
1
|
+ 1
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
— Мына бос торкөздердің орнына қандай сандарды қоюға болады? Сендер қалай ойлайсың дар? (Кез келген.)
— Ал мына бос торкөздің орнына ше? 6 – .
Қорытынды жасауды сұраңыз. Оқушылардың ойын тыңдаңыз. Оқушыларды айырманың мағынасын табу кезінде, егер бос торкөз азайтқыштың орнында тұрса, онда ол азайғыштан артық мән қабылдай алмайды деген тұжырымға жетелеңіз. Бос торкөздің
орнына латын әліпбиінің кіші әріптерін (a, b, c,
d, x, y) жазуды ұсыныңыз. Жазу барысында латын әліпбиінің әріптерінің айтылуына балалардың
назарын аударыңыз: а — [а], b — [бэ], с — [ц],
d — [дэ], x — [икс], y — [игрек]. Оқушылардан алынған өрнектерді оқып беруін өтініңіз. Олардан мынаны сұраңыз:
— Біз қандай жазу жаздық? (Өрнек.)
— Егер өрнек әріптен, саннан және арифмети калық амалдардың белгілерінен тұрса, оны қалай атайды? Сендер қалай ойлайсыңдар?
Арифметикалық амал белгілерінің көмегімен
байланысқан әріптер мен сандардан құралған өр нектердің әріпті өрнектер деп аталатынын табуға
оқушыларды жетелеңіз. Санды өрнектер сияқты әріпті өрнектерді де әртүрлі оқуға болады. Мысалы,
5 – х өрнегін былай оқуға болады: “5 минус икс”, “5-тен икс-ті азайтамыз”, “5 пен икс-тің айырмасы” немесе “5 — азайғыш, икс — азайтқыш”.
Қай жолмен жүрген дұрыс? Тапсырмада берілген өрнектерді санды және әріпті өрнектерге бөлу керек. Оқушыларға өрнектерді өздігінен санды және әріпті өрнектерге бөлуді ұсыныңыз. Оларға өрнектерді кезекпен оқытыңыз. Жолсеріктердің қай жолмен жүргені дұрыс екенін хабарлайды, өз таңдауын дәлелдейді.
Бұл тапсырманы бөлімнің “Саяхат” атты жалпы тақырыбымен байланыстыруға болады.
Жауабы:
санды өрнектер: 100 – 30; 7 + 3; әріпті өрнектер: х + 8; 50 – у.
Әріпті өрнектерді оқы. Оқушыларға оқулықта берілген әріпті өрнектерді оқытыңыз. Ол үшін оқушыларды жұпқа бөліңіз.
|
Шығарып көр. Оқушылар белгілі бір санды х әрпімен алмастыруды өздері аңғаруы тиіс. Тапсыр маны орындау үшін жұмысты топпен ұйымдастыры ңыз. Олар ламинатталған қағазға алынған әріпті өрнектерді жазуы керек және жұмысты аяқтаған соң тақтаға бекітіп, өзара тексеруді орындауы керек.
Айырмаға қатысты өрнектерде санды әріп пен алмастырғанда өрнектің әр компонентінің орнын қатаң сақтау қажет екенін ұмытпаған жөн. Бірақ оқушылар өз бетінше орындағанда қате жіберуі мүмкін. Сондықтан олардың қандай әріпті өрнектерді алғанын және олардың қанша екенін тексерген жөн. Мысалы, 12 – 4 санды өрнегінен 12 – х және х – 4 әріпті өрнектерін алуға болады.
— Біз сандарды қосқан кезде орындарын қалай ауыстыра аламыз? Мысалы, 5 + 3-ті 3 + 5-ке ауыс тыруға болады.
— Азайтуда сандардың орындарын ауыстыруға бола ма? Неге?
— 12 – 11 өрнегін 11 – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?
— Қалай ойлайсыңдар, 12 – х өрнегін х – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?
— Екі өрнектегі х-тің орнына бір санды қойып көрейік. Мысалы, 3-ті. Не шықты?
Берілген тапсырма жауабына х – 12 және 11 – х өрнектері алынбайды деген тұжырымға жетелеңіз.
Жауабы:
ә) 8 + х, х + 8; х + 2, 2 + х;
б) 12 – х; х – 11;
в) 100 – х; х – 20.
Орындап көр. Бұл тапсырманы оқушыларға жұпта орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау оқушылардың топпен жұмыс үрдісінде үйренген дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Берілген әріпті қолданып әріпті өрнек құрастырады. Содан соң берілген әріптің орнына басқа кез келген әріпті қолдануға болатынын тексереді және бір-біріне түсіндіреді. Жауаптарын нақтылай түсу үшін олардың өздеріне осындай бірнеше өрнектерді басқа әріптерді қолданып жазуын ұсыныңыз. Оқушылар ламинатталған қағаз парақтарына маркермен жазады.
Жауабы:
иә, кез келген басқа әріпті қолдануға болады.
Ойлан. Бұл айдардың тапсырмасын орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылардан автобустағы қалған жолаушылар санын көрсететін
(15 – х) түріндегі әріпті өрнек құрастыруды сұраңыз. Сонымен қатар олар бұл өрнектегі әріптердің мәндері 1 -ден 14-ке дейінгі мәнді қабылдайтыны туралы өз талдаулары бойынша қорытынды жасай алады.
|