Сабақ тақырыбы: Шамалар. Уақытты бағдарлау Оқиғаларды өту кезеңіне қарай орналастыру Мектеп



бет17/57
Дата01.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130437
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Байланысты:
null-1

Сабақ тақырыбы:

Белгісізі бар теңдік

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу және азайту амалдарының негізінде теңдеуді таңдап алу әдісімен шешеді;

“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, белгісіз санның белгісін (□) қолданады.



Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

сандар жазылған парақшалар;

санды теңсіздіктер мен теңдіктер жазылған парақ­ шалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер.

Тірек сөздер

белгісіз сан.

Сабақтың мақсаты:

☐ таңбасымен теңдіктегі белгісіз санды белгілеу, белгісіз ұғымымен таныстыру, белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп табу, есептеу дағдысын дамыту, топпен және жұппен жұмыс істеу коммуникативтік дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ теңдіктегі белгісізді табу арқылы теңдеу шешуге дайындық жүргізуге бағытталған. Оқушылар “белгісіз саны бар теңдік” ұғымымен танысады. Белгісіз санды табу үшін оқушылар бұрын меңгер­ ген білімдеріне сүйенеді. Теңдіктің құрамындағы белгісізді санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп анықтайды.

Кіріспе тапсырма. Оқушыларға ғарышқа саяхат жасауды ұсыныңыз. Сондықтан ғарышкемелердің­ экипажы ретінде топтарға бөлінуді сұраңыз. Әрбір экипаж құрамында неше адамнан болу керектігін­ анықтау үшін теңсіздіктегі торкөзбен берілген белгісіз­ санды жазып, толықтыруды тапсырыңыз. Теңдіктегі­ белгісіз санды бос төртбұрышпен көрсетеміз­ деп келісіп алыңыз.

Теңсіздіктің жазылуы төмендегідей болуы тиіс: 6 + 2 > ☐ Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз.

Жауаптың­ бірнеше нұсқасы айтылуы мүмкін. Сон­ дықтан оқушылар теңсіздіктің жауабы болатын нақты бір сан табылмауы мүмкін деген қорытындыға келеді. Сонда оларға теңсіздікті 10 – 3 ≠ ☐ Тағы да оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Ал­


дыңғы теңсіздіктегі жағдай қайталануы мүмкін. Оқу­ шылар берілген теңсіздіктің құрамындағы белгісіз­ санның нақты жауабын таңдап алуға болмайды­ деген қорытындыға келуі мүмкін.
Оқушылардан төмендегі теңдік туралы не ойлай­ тындарын сұраңыз:
10 – 6 = ☐ Берілген теңдеудің бір ғаша шешімі бар, ол — 4.
Сол себептен оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқу­ шыларға ғарышқа саяхат жасау барысында төрт­ бұрышпен көрсетілген белгісіз санды іздейтінін­ хабарлаңыз. Бос орынға қоюға болатын сан белгісіз. Оны белгісіз сан деп атап, ☐ таңбасымен белгілейміз. Құрамындағы бір сан белгісіз болатын теңдік белгісізі теңдік деп аталады.
Ғарышкердің таңғы асы. Саяхаттың алдында жаттығу жасап, ғарышкерге таңғы асын ішуді ұсыныңыз. Оқушылар теңдіктің құрамындағы белгісіз­ санды берілген жауап нұсқаларының ішінен таңдап алады. Олар санды таңдау тәсілімен анықтап немесе санның құрамына байланысты білімдеріне сүйенеді.

Мына сұрақтарды қойыңыз:

— 7 саны шығу үшін 5-ке нешені қосамыз?

— Белгісіз сан нешеге тең?

— 5 саны шығу үшін 8-ден қандай санды азайта­­ мыз?

— Белгісіз сан нешеге тең?

Оқушыларды өз жауабын түсіндіруге үйретіңіз­.

Жауабы:


а) 2; ә) 3; б) 4; в) 6.

Шығарып көр. Оқушылар теңдіктегі белгісіз сан­ дардың қандай сан екенін анықтайды. Тапсырманы оқушылардың­ барлығын қатыстырып тізбектей оты­ рып орындайтындай немесе топтағы әрбір оқушы­ қатыса алатындай етіп ұйымдастырыңыз.
Жауабы:

8 + 2 = 10, 12 + 5 = 17, 40 – 20 = 20, 80 – 10 = 70. 10 – 9 = 1, 15 – 3 = 12, 20 + 30 = 50, 60 + 10 = 70.


Ойлан. Есеп шығаруға дайындық түрінде ұсы­ нылады. Оқушылармен бірге есеп мазмұнын оқыңыз. Тапсырманы есеп деп атамаңыз, тек ғарыш оқиғасы деп айтыңыз. Оқушылардан мәтін мазмұнынан не білгенін, нені білу керектігін сұраңыз.
Сынып оқушыларының дайындығы жоғары болса, тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар­ тапсырма мазмұнын оқиды. Тапсырмаға белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіз санның мәнін табады. Егер оқушылардың дайындық деңгейі­ бірдей болса, тапсырманы сынып алдында орындатыңыз­.
Жауабы:

10 – ☐ = 7;

10 – 3 = 7.

Орындап көр. Логикалық тапсырманың шешуін топпен ақылдасып орындауды ұсыныңыз. Мүмкін болса, берілген тапсырманы интерактивті тақтада­ көрсетіңіз. Тапсырма шаршы түрінде­ көрсетілген, бірдей суреттердің астында бірдей сандар жасы­ рылған­. Оқушыларға берілген қосындының­ мәні шығатындай белгісіз санды анықтау­ керек. Тапсырма­­ ны орындауда қиындық туған жағдайда оқушылардан:


— қандай үш бірдей санның қосындысы 15-ке тең болады? — деп сұраңыз. (5 + 5 + 5 = 15.)
Ғарышкеме суретінің орнына 5 санын қойып, өрнек құрастыруды ұсыныңыз.
Ал белгісіз санды ☐ таңбасымен көрсету керектігін­ айтыңыз. Оқушыларда мынадай белгісізі бар теңдік шығуы керек: 5 + ☐ + 5 = 12. Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі­ белгісіз санның мәні 2 саны болатынын анықтайды­.
Осылайша шаршының басқа торкөздеріндегі бел­ гісіз сандарды табады.
Оларда 5 + ☐ + 2 = 10 теңдігі шығу керек. Санды таңдау тәсілімен оқушылар белгісіз санның мәні 3 саны болатынын оңай анықтай алады.
Жауабы:
зымыран — 5; телескоп — 2; ғарышкер — 3.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет