Сабақты жүргізу әдісі: ауызша баяндау, жазбаша тапсырма орындау, көрнекілік, өзіндік жұмыс, өлеңді жаттату.
Сабақты жабдықтау (қорлар): бағалау парақтары, карточкалар, маркер, постер, А4 қағаз.
Мақсаттар:
Білімдік: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, өлеңдерінің идеялық мазмұнын түсіндіру, ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орнына тоқталу.
Дамытушылық: оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін,өлең мәтіндерімен өздігінен, топта, ынтымақтастықта, жұмыс істей білу дағдыларын дамыту (талдау, жорамал жасау, қорытындалау дамыту
Тәрбиелік: оқушылардың қазақ ақындарының батырлығына, ақындығына деген ықылас құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету,өз еліне, жеріне деген қызығушылығының, ынтасының артуы