40. Личко бойынша ауруға көзқарастың түрлері (Личко бойынша барлық 13 түрдің анықтамасы мен сипаттамасы)
А.Е.Личко бойынша мінездің жасөспірімдерге арналған типологиясы:
1.Гипертимді тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынасы жоғары, қимыл – қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл – күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл – күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата – аналарымен, ұстаздарымен қарым – қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі.
2.Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен қарым – қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды. Көңіл – күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл –күиінің ауысу мерзімі 2-3 апта.
3.Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл – күйі жиі өзгергіш. Көңіл – күйінің өзгеруіне кез – келген ұсақ – түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл – күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді. Олар басқа адамдардың өздеріне деген қатынасын аса сезімталдықпен сезінеді.
4.Астенал – невротикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі.
5.Сензитивті тип. Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар танымайтын, бөтен адамдармен қарым – қатынасқа көп түсе бермейді. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез – келген істі орындаумен толтырады.
6.Психастеникалық тип. Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады.
7.Шизойдты тип. Тұйық, айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуге ынта –ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан –дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз.
8.Эпилептойдты тип. Бұл типті адамдар ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл белгілер 2-3 жас арасында корінеді. Личконың айтуынша бұл типті адамдар жан – жануарларды азаптап, қинауды, өздерінен әлсіз адамдарды мазақ етуді жақсы көреді. Аса қатыгез, өздерін аса жақсы көреді. Басшылыққа ұмтылады.
9.Истероидты тип. Бұл типке тән белгілер: үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңқалдыруға әуестік.
10. Тұрақсыз тип. Бұл типті адамдар болашақты тіпті де ойламайды. Олардың әрекеттері белгілі бір мақсатпен, міндетпен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі.
11. Комформды тип. Кез – келген өзіне тиімді жағдайларға тез бейімделеді
41. «Коммуникативті дағдылар» түсінігінің анықтамасы.
Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермсн (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б.) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Қатынасуда субъектІлер (адамдар) сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі (знак) жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербалъды емес коммуникация — қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұхбаттаса келе, бірін-бірі түсініп, танысады.
Өзара қарым-қатынас жасау үшін, кем дегенде екі адам болуы қажет, олардың әркайсысы субъект ретінде саналады. Коммуникатор - ақпаратты жіберуші адам. Коммуникант (адресат) - ақпаратты кабылдаушы адам. Коммуникация арнасы - жіберушіден қабылдаушыға ақпараттың жүру жолы. Адамдардың өзара қатынасқа түсуі — олардың іс-әрекетіне тікелей байланысты болады. Қажеттілігіне қарай, қатынасқан адамдар әрекеттесіп, өзара мәлімет жинастыра келе, түсінушілік тудыруға тырысады. Қатынасу арқылы адам өз басының ерекшеліктерін, ой-максатын, басқа адамға түсіндіріп, білдіруге ықпал жасайды. Қатынасудың түрлері және даму барысы адамдардын әлеуметтік жағдайына, олардың қоғамдағы орнына, қоғам заңдары мен құқық ережелеріне байланысты болады.
Қатынасу процесінде, адамға тән, көптеген психикалық құбылыстар қатысады. Олар арқылы адам, адамзат жинастырган тәжірибені тұжырымдайды, қолданады.
Коммуникативтік білгерлік (компетенттік) – дәрігердің басқа адамдармен (науқас, оның жақындары және туыстары, әріптестері, т.б,) вербальды және вербальды емес тәсілдерді нәтижелі қолдана білуі арқылы карым-қатынас жасау қабілеті.
Қатынасу аркылы адамдар бір-біріне коммуникативтік тұрғыдан әсер етуі мүмкін. Адамдардың бір-бірімен араласуында түрлі әлеуметтік және психологиялық спецификалы коммуникативтік кедергілер байқалуы мүмкін. Оның себептері - қатынасқан адамдардың, бір-бірінен қатты айырмашылығы болуы, оның ішінде: бірін-бірі түсінбеуі және мамандық, саяси, діни, әлеуметтік көзқарастарының болуы. Коммуникативтік кедергілер тек психологиялық негізінде де дамуы мүмкін, олар адамдардың жекеше (индивидуальды) психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |