Тақырыбы: «Қарым-қатнас мәдениеті» көпмәдениеттілік негізі Мақсаты



бет1/6
Дата30.11.2022
өлшемі26,32 Kb.
#160445
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ тілі ОБӨЖ-5

Тақырыбы: «Қарым-қатнас мәдениеті» көпмәдениеттілік негізі
Мақсаты: : Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормалардың рөлін түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту; Сүйіспеншілік, мейірім, достыққа тәрбиелеу; 
Міндеті: Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас мәнін түсіндіру.
Көрнекілігі: слайд, видио, нақыл сөздер, шарлар мен гүлдер, суреттер.


Ұйымдастыру кезеңі
1. Өтілетін орынды безендіру, әзірлеу.
2. Оқушыларды орналастыру.
3. Тәрбие сағатын бастауға дайындық жасау.


І. Кіріспе бөлім
- Күндей болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден. Күнделікті қарым-қатынастағы адамгершілік қасиеттерді берік ұстанып отбасында, аулада, мектепте өзара сыйластықты, үйлесімділікті түсініп,сүйіспеншілікпен , ата-баба дәстүрін ұстанып «адам» деген атқа лайық өмір сүруіміз керек. Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу. «Сәлем» сөздің анасы демекші көз-келген қарм-қатнас сәлемдесуден, жылы шырай танытудан, сыйластықтан бастау алады. Олай болса құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар бүгінгі 3-сынып оқушыларының көпмәдениеттілік негізінде өткізілгелі отырған «Қарам-қатнас мәдениеті» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады, соған қарамастан олардың арасында жақсы қарым – қатнас орнаған. Берік сыйластыққа негізделген достық бар. Осының айғағы ретінде ұлттарымыздың сәлемдесуіне кезек берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет