Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?
Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?
Назар аударыңыз
Ғ.Мұстафин
Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
Зенон
Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады: ДҰРЫСТЫҚ, АЙҚЫНДЫҚ, ҚЫСҚАЛЫҚ, ОРЫНДЫЛЫҚ, ӘРЛЕУ. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.
“Адами
қарым-қатынас
ізгіліктері
Шығармашылық жұмыс
Тыныштық сәті
“Жан жарасы жазылмайды”
аңыз –әңгімесін тыңдау
Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз:
Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.
Өзгенің айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі.
Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.
Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.