Сабақтың мақсаты: 1 Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып, тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзінде меңгерту. 2 Қайрылымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 3 Жеңілден күрделіге көше отырып
Сабақтың мақсаты: 1) Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып, тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзінде меңгерту. 2) Қайрылымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 3) Жеңілден күрделіге көше отырып, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Жаңа сабақ: - Бастауыш дегеніміз не? - Баяндауыш дегеніміз не ? Мысал келтір. - Қандай жағдайда сызықша қойылады? Мысал келтір.
Анықтама: Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз. 4. Машықтық жұмыс. 172-жаттығу. - Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.
174-жаттығу. Жолаушылар аттанды. Сиыр сауылды. Жанар сабақ оқыды. Жер тегістелді. Тапсырма орындалды. 1-тапсырма. - Суреттерді пайдаланып сөйлем құраңдар. Тұрлаулы мүшелерді тап. Балалар дойбы ойнады. Ұлдар аумен балық аулады. Зере тауықтарға жем шашты. 175-жаттығу. - Сөйлемдерді көшіріп жаз. Баяндауышқа сұрақ қой астын сыз. Ғазиз – оқушы. Алматы – сәулетті қала. Қыдырәлі – атақты шахтер.- Плакатпен жұмыс
2-тапсырма - Суретке қарап сөйлемдер құраңдар. Тұрлаулы мүшелерді табыңдар. Күз келді. Жаңбыр жауды. Күн суытты. Жер – балшық. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. “Күз” – “К” –дыбысынан басталатын сөздерден сөйлем құрап жаз. Мысалы, Көктем кеудешесін киді. 3-тапсырма Дала аппақ Боран ұйтқып соғады. Жапалақтап қар жауады Бұл қай кезде болады (Қыс). - “Қыс” сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Ауызша. - Қыс айларын атаңдар. - Алғашқы қыс айында қандай мерекелер бар?
- Тәуелсіздікке неше жыл толды? - Тәуелсіздіктің құрбандары кімдер? - “Тәуелсіздікке” үш жол өлең құрастырыңдар. Тәуелсіздік – қуанышым Жастарымыз алып берген Тәуелсіз ел ұланым. 5. Бекіту: - Сөзжұмбақ шешу. 1. Сөйлемнің негізгі мүшесі? (бастауыш) 2. Бастауыш пен баяндауыш қандай мүше? (тұрлаулы) 3. Бастауыштың іс әркетін білдіретін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі? (баяндауыш). 4. Бастауыштың сұрағына жауап беретін сөз. Балық аулайтын құрал?
Венн диограммасы Бастауыш Ортақ Баяндауыш
Сөйлемнің негізгі мүшесі
Кім? Кімдер?
Не? Нелер?
Күн, алма
Бастауыштың іс әрекетін білдіреді.
Не істеді? Қайтті? Неғылды?
Айтты, келді.
- Қандай сөйлем мүшелерін тұрлаулы мүшелер деп атаймыз?
6. Үй жұмысы: 173-жаттығу. - Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар. Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзіліске асханаға келді. - Ережені жаттау. 7. Қорытынды, бағалау.