“Уақыт” ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып отыратынын білдіреді. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ол еш нәрсеге қарамастан алға жылжи береді. Аспандағы Күн мен Айдың тұрған орнына қарап, Жердегі уақытты анықтаймыз. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөледі.
Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыптарды еске түсіруден бастаңыз. Ол үшін алдын ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды дайындап қойыңыз. Ортаға он екі оқушыны шақырыңыз. Оларға 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратып беріңіз де, шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Содан соң ортаға тағы бір оқушыны шақырыңыз. Оны шеңбердің ортасына тұрғызыңыз. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілдерін беріңіз. Сағат тілдерін де алдын ала дайындаңыз. Басқа оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті болсын. Орындарында отырған оқушылардан кез келген уақытты айтуын сұраңыз. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын орындатып, олардың білімін толықтыра түсуге жағдай жасаңыз. Кино. Тапсырманы топта орындатуыңызға бола ды. Осындай жұмыс түрін жасау арқылы оқушылар өздерінің пікірлерін айтуға, тыңдауға және достары ның пікірлерімен санасып, бірге шешім қабылдауға үйренеді.
Ойын қашан басталды? Оқушыларды топтас тырыңыз. Тапсырма оқушыларды сағаттағы уақытты дұрыс анықтауға жаттықтыра түседі. Тапсырманы орындау барысында минуттық тілдің ұзын болаты-нын, оның минутты көрсететінін, ал сағаттық тілдің қысқа болатынын, оның сағатты көрсететінін ес терінде сақтап қалады.
Мектептегі сабақтар. Тапсырма ойлау және санау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жұп пен жасалатын жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушы лардың есепті оқуы, талдауы және шешуі тиіс. Өткен сабақта дайындаған сағаттың моделін пайдалануына болады. Есептің шарты бойынша іс-әрекеттің басталу және аяқталу уақыты белгілі. Оқушылар сағат моделі бойынша тілді жылжыта отырып, әрекеттің қанша уақытқа созылғанын біле алады.
Жауабы:4 сағат.
|
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасып, шешу жолын талқылайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға уақыттың өлшем бірліктері — минут пен сағаттың арақатынасы туралы білімдерін қолдану қажет болады. Оқушыларға 2 сағат пен 60 минутты салыстыру керек. Олар 2 сағаттың 60 минуттан артық екенін біледі, бірақ тапсырманы орындау барысында олар бір тұжырымға келуі тиіс. Белгіленген жерге көп уақыт кететін көлік түрімен емес, керісінше аз уақыт кететін көлік түрімен жету керектігін ұғынуы қажет. Шешімін тапқан соң олар басқа оқушыларға түсіндіріп беруі қажет.
Жауабы:
жеңіл мәшине.
Орындап көр. Тапсырманы оқушыларға жұпта орындатыңыз. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар циферблат шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет.
Жауабы:
6:00.
Үй тапсырмасы. Тапсырма ойлау және ауызша есептеу дағдыларын дамытады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты есептеу жолдарын атаулы сандарды қосу арқылы дамытады. Бұл сандар іс-әрекеттің басталу уақыты мен оның өту уақытының ұзақтығын көрсетеді. “Атаулы сандар”деген термин қолданылмайды.
Жауабы:
сағат 4-те.
Ойлан. Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оны орындау тиянақтылықты қажет етеді. Оқушылар суреттерді тігінен және көлденеңінен сәйкестендіре отырып, сұрақ белгісінің орнына қандай сурет тұратынын табуы тиіс.
Жауабы:
11:00-ді көрсетіп тұрған сағат бейнеленуі тиіс
|