Астананың 15 жылдығына орай Есіл өзенінің жағасындағы Жеңіс саябағына “Күн сағаты” орнатылды. Сағат стелла тәрізді. Сағат тілдері мен циферблаты қоладан жасалған. Стелланың биіктігі 10 метр. Нақты уақытты анықтау үшін стелладан циферблатқа түскен көлеңкеге назар аудару қажет. Циферблатта көлеңке түсетін 6, 9, 12, 15 және 18:00 сағаттары белгіленген. Жоба авторы — қазақстандық сәулетші Антон Максимов.
Кіріспе тапсырма. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқулықтағы “Ағаш көлеңкесі” деп аталатын тапсырманы орындатудан бастаңыз. Ол үшін оқушыларды күн ашықта аулаға алып шығыңыз. Алдын ала көлеңкесін бормен сызуға болатындай ағашты немесе басқа нысанды таңдап алыңыз. Көлеңкені сызбас бұрын оқушылар назарын Күнге және ағаш көлеңкесіне аударыңыз. Әр оқушының сызықтың ағаш көлеңкесімен дәл беттесетініне назарын аударғанына көзіңізді жеткізіңіз. Содан кейін оқушыларға 1 сағаттан кейін сыртқа шығып, көлеңкенің қалай өзгергенін бақылайтындарын айтыңыз. Содан соң сыныпқа қайта оралып, сабақты жалғастырыңыз. Оқушылар 1 сағат уақыт өткеннен кейін далаға шығып, осы іс-әрекетті қайта орындайды. Осылайша, олар көлеңкенің 1 сағат ішінде қалай өзгеретінін көреді. Оқушылардан осы уақытта қандай оқиға болғаны және өздерінің не істеп үлгергенін естеріне түсіруді сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және бақылаудың қорытындысын жасаңыз. 1 сағаттың 1 минуттан ұзақ уақыт мөлшері екенін айтыңыз. Осы уақыт аралығында көптеген әрекеттерді жасап үлгеруге болады. Тіпті осы уақыт ішінде Жердің Күнге қатысты орны да өзгереді. Егер ауа райының қолайсыздығына байланысты ағаш көлеңкесі туралы тапсырманы орындауға мүмкіндік болмаса, cыныпта мынадай тәжірибе жасауға болады: бірдей үш майшам мен екі таймер алыңыз. Содан соң екі майшамды бірдей уақытта жағыңыз, ал үшіншісін жаңа қалпында қалдырыңыз. 1 минут өткен соң майшамның біреуін өшіріңіз. Ал екінші майшам жанып тұра береді. Екінші майшамды 1 сағат өткен соң өшіріңіз. Содан соң барлық майшамды салыстырыңыз. 1 минутта қанша жанды? (Жаңа майшамнан айырмасы бар ма?) 1 сағатта ше? Осы тәжірибе арқылы 1 минут пен 1 сағаттың ұзақтығы туралы айтуға болады. Оқушыларды уақыттың ұзақтығы туралы ойға жетелеңіз. Уақытты арнайы құралдың көмегімен минутпен, сағатпен өлшеуге болатынын айтыңыз. Осы құралды (сағатты) көрсетіңіз.
|
Сағаттар қай уақытты көрсетіп тұр? Тап сырманы орындауға оқушылардың барлығы қатысуы керек. Оқушылардан барлық сағаттағы тілдердің орналасуындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табуды сұраңыз. Барлық сағатта минуттық тілдер 12-ні көрсетіп тұр, ал сағаттық тілдер әртүрлі жағдайда орналасқан. Олай болса, сағаттағы уақыт 3-ті, 11-ді, 8-ді, 1-ді, 7-ні, 4-ті көрсетіп тұр деп қорытындылаңыз.
Орындап көр. Бұл айдардағы тапсырма оқу шылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сондықтан оны әр бала өз бетінше орындауы керек. Әр оқушы алдын ала дайындалған бөлшектерден сағат моделін жасайды. Тапсырма ны орындауға қажет қатырма қағаздан жасалған дөңгелек, сағаттың екі тілі, сым темір (сағатқа тілдерін бекіту үшін) және 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар алдын ала дайындалуы тиіс. Тапсырманы орындау қиындық тудырған жағдайда оқушылардан жұптар құрастырып, екі оқушыға бір сағаттың моделін жасауды ұсыныңыз. Сағат моделін жасап болған соң оның тілдерін қозғалта отырып таңертең оянатын уақытты, бірінші сабақ пен сүйікті телебағдарламасының уақытын көрсетуін сұраңыз. Оқушылармен сұхбаттасу барысында олардың қай сысы тақырыпты жақсы меңгергені немесе кімге көмек қажеттігі туралы қорытынды жасауға болады.
Шығарып көр. Тапсырманы жұппен орындаты ңыз. Оқушылар жұптаса отырып, сағат модельдері бойынша әр қыздың үй тапсырмасын неше минутта орындағанын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін оқушылар сағат пен минуттың өлшем бірліктері арасындағы қатынас туралы білімдерін қолдануы қажет. Тапсырманы орындап болған соң бірнеше оқушыдан жауабын қалай анықтағаны туралы түсіндіруін сұраңыз. Бұл олардың сабақ тақырыбын меңгеру деңгейі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Жауабы:
Маржан — 60 минут; Айжан — 50 минут.
Ойлан. Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Сондықтан әр баланың өздігінен орындауын талап етіңіз. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылар уақыттың өлшем бірліктері арасындағы арақатынасты біледі.
Жауабы:
сағаттың жартысы 30 минутқа тең.
Сен білесің бе? Бұл айдарда Астана қаласындағы “Күн сағаты” туралы айтып өтіңіз. Толық мәліметті сабаққа қатысты деректі материалдардан алуыңызға болады.
|