Сабақ тақырыбы Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер



бет3/3
Дата08.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#66639
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер кмж 2

Пәнаралық байланыс

«Бейнелеу өнері» сабағы


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шеңбер, радиус, жанама, үшбұрыш және оның төбелері, қабырғалары, биіктігі, медианасы, биссектрисасы.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дерек

көздер

Сабақтың басы

2 мин


5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Әдіс: «Жеңіс машинасы»

https://www.classtools.net/random-name-picker/index.php сілтемесі арқылы үй тапсырмасын айтатын оқушыларды таңдау және ауызша есеп жауаптарын тексеру.



ҚБ: «Шапалақ»




Сабақтың

ортасы


10 мин

5 минут
5 минут

7-8 минут

2-3 минут




IІІ. Жаңа білім беру.

Әдіс: «Ой қозғау»

Проблемалық сұрақ қоямын:



  1. Үшбұрышқа кандай жағдайда шеңбер іштей сызылған болады? Олар нешеу болуы мүмкін?

  2. Үшбұрышқа кандай жағдайда шеңбер сырттай сызылған болады? Олар нешеу болуы мүмкін?

Осы сұрақтар арқылы тақырыпты ашамын. 

Интербелсенді тақтадан https://bilimland.kz/ сайтынан алынған бейнероликтерді көрсету.



Практикалық жұмыс.

Әдіс: «Кім жылдам?»

Оқушылар оқулықтан № 22.1 №22.2 есептердегі сұраққа жауап береді.



ҚБ: «Мадақтау»
Сергіту сәті.

Оқушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам “Жеті” деудің орнына, орнынан тұрып, “Севен-ап” деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.


Жұптық жұмыс.

Қатар отырған екі оқушы жұп болып таратпа қағаздағы тапсырмаларды орындайды.



1-тапсырма

  1. Үшбұрыш берілген. Осы үшбұрышқа іштей шеңбер сызыңыз.

  2. Үшбұрыш берілген. Осы үшбұрышқа сырттай шеңбер сызыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- іштей сызылған / сырттай сызылғаншеңбердісызуалгоритмінқолданады;

- центрін анықтайды;

- іштей сызылған / сырттай сызылған шеңберді салуды орындайды.



2-тапсырма

  1. Тең қабырғалы үшбұрышқа іштей шеңбер сызыңыз.

  2. Тік бұрышты үшбұрышқа сырттай шеңбер сызыңыз.

Дескриптор: Оқушы

- іштейсызылған / сырттай сызылған шеңбердің центрін анықтайды;

- іштей сызылған /сырттай сызылған шеңберді салуды орындайды
Жаңа тақырыпты бекіту

Сабақты сәйкестендіру тестімен бекітемін



Қ/с

Анықтама

Тірек сөз

1

Егер үшбұрыштың төбелері арқылы өтетін болса, онда ... деп аталады.

Үшбұрышқа іштей сызылған

2

Егер үшбұрыштың қабырғалары арқылы өтетін болса, онда ... деп аталады.

Үшбұрышқа сырттайсызылған

3

Егер үшбұрыштың қабырғалары арқылы өтетін болса, онда ... деп аталады.

Шеңберге іштей сызылған

4

Егер үшбұрыштың төбелері арқылы өтетін болса, онда ... деп аталады.

Шеңберге сырттай сызылған




Интербелсенді тақта, видео

Оқулық:

Геометрия – 7

Шыныбеков

Таратпа қағаз

Сәйкестендіру тесті


Сабақтың соңы

5 мин


Ақиқат тұжырымдарды анықтаңыз:

Тұжырым

Ақиқат

Жалған

Егер үшбұрыштың барлық қабырғалары шеңбермен жанасса, онда шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған деп аталады.







Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрі медианалардың қиылысу нүктесінде жатады.







Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесінде жатады.







Кез келген үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болады.







Тік бұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі тік бұрыштың төбесінде орналасады.







Кез келген үшбұрышқа іштей шеңбер жүргізуге болады.







Кез келген үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесінде жатады.








Үй тапсырмасы:

Таратпа қағаз

Оқулық:

Геометрия – 7

Шыныбеков


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау












Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырма (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?


Фотоотчет







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет