Сабақ тақырыбы: шеңбер. ДӨҢгелек сынып: 5-сынып



Дата06.05.2020
өлшемі28,31 Kb.
#66332
түріСабақ
Байланысты:
0004a2fc-0400a843
turkestan


Облыстық санатолық мектеп-интернат

Математика пәнінен ашық сабақ тақырыбы:



ШЕҢБЕР. ДӨҢГЕЛЕК

Сынып: 5-сынып

Мұғалімі: Салатова К. Т.

2016-2017 оқу жылы


Күні:

Сыныбы: 5-сынып

Пәні:Математика

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Дөңгелек.

Сабақтың мақсаты:

Біліктілік: Шеңбер және оның элементтері (диаметр , радиус , доға) туралы түсініктерін қалыптастыру, шеңбердің радиусын , диаметрін белгілеулермен жаза білуге дағдыландыру. Дөңгелек туралы түсінік қалыптастыру.

Дамыту: Ойлау, есте сақтау қабілетін, циркульдің көмегімен шеңбер салуды үйрету. Дөңгелектің, шеңбердің радиусы және диаметрін анықтай білу.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: геометрия, астрономия.

Көрнекілік: циркуль, транспортир, сызғыш, қарандаш.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау сұрақтары:



  1. Бұрыш деп қандай фигураны айтамыз?

  2. Бұрыштың өлшем бірлігі.

  3. Бұрышты өлшейтін құрал

  4. Бұрыштың қандай түрлерін білесіңдер?

  5. Әрбір бұрыштарға сипаттама беріңдер.



ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын білу үшін мына сөзжұмбақты шешейік.

Сөзжұмбақ:


  1. Арақашықтықты өлшейтін құрал (сызғыш).

  2. Түзудің екі жағынан щектелген бөлігі (кесінді).

  3. Құрамында белгісізі бар өрнек (теңдеу)

  4. Бір нүктеден шығатын екі сәуледен тұратын бөлік (бұрыш).

  5. Түзудің бір жағынан шектелген бөлігі (сәуле)

  6. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

Сонымен анықтағандайымыздай. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Шеңбер. Дөңгелек

Шеңбер – барлық нүктелері бір жазықтықта және центрден (О нүктесінен) бірдей қашықтықта жататын фигура.

Радиус – шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді. Шеңбердің радиусы латынның R әрпімен белгіленеді.

Диаметр – шеңбердің центрі арқылы өтетіп, оның бойындағы екі нүктені қосатын кесінді. Шеңбердің диаметрі латынның D әрпімен белгіленеді, диаметр екі радиусқа тең болады.

D=2R


Шеңбердің диаметрі белгілі болса, оның радиусын табу үшін мына формуланы қолданамыз:

R= D:2


Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі дөңгелек деп аталады.

Шеңбердің бойында жатқан екі нүкте арасындағы бөлігі шеңбердің доғасы деп аталады.



ІV. Есептер шығару

№478


а) шеңбердің бойында: B; D.

ә) дөңгелекте: C; O; E.

б) дөңгелек сыртында: A; L; K.
№479

Дәптерге О нүктесін белгілеңдер. О нүктесін центр етіп алып, шеңбер сызыңдар. Дөңгелекті бояңдар.



  1. Шеңбердің радиусын өлшеп, оны жазыңдар.

  2. Дөңгелек диаметрі неше сантиметр? Оны жазыңдар.

№480


  1. Шеңбердің радиусы 11см. Шеңбердің диаметрін табыңдар;

Берілгені: Шешуі:

R-11см. D=2 R

D-? D=2*11см=22см.

Ж/бы: D= 22см.



  1. Айдың диаметрі 3476 м. Айдың радиусын табыңдар.

Берілгені: Шешуі:

D -3476 м. R= D:2

R -? R =3476м: 2=1738м.

Ж/бы: R = 1738м.



VI. Қорытынды: Бекіту сұрақтары?

  1. Шеңбер деген не? Дөңгелек деген не?

  2. Шеңбердің радиусы деген не?

  3. Шеңбердің диаметрі деген не?

  4. Доға дегеніміз не?

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма § №481, №487

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет