Семей қаласы
№47 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
«Шеңбер және дөңгелек»
Сыныбы: 5 «А»
Математика пәні мұғалімі:
Бәдиева Айгүл Жеңісқалиқызы
2016 – 2017 оқу жылы
Пәні: Математика
Сыныбы: 5 «А»
Күні: 20.10.16ж.
Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: шеңбер және дөңгелек ұғымдарына түсінік беру, шеңбердің элементтерімен таныстыру, шеңберді дөңгелектен ажыратуға үйрету, диаметр мен радиустың қатынастарын есептер шығаруда ұтымды қолдануға үйрету.
Дамытушылық: математикалық сауаттылықты арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке, мақсатына жете білуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, практикалық.
Педагогикалық технология: деңгейлеп - саралап оқытудың элементтері, сұрақ - жауап.
Оқытудың түрі: ұжымдық, даралап оқыту.
Оқыту құралдары: оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, циркуль, ведио проектор.
Көрнекілігі: слайдтар, сақина, стакан,, глобус, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.
ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)
IV. Жаңа материалды меңгерту бөлімі
V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.
VI. Үй тапсырмасын беру бөлімі.
VII. Сергіту сәті.
VIII.. Қорытынды бөлімі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жоқ оқушыларды түгендеу, класс тазалығын тексеру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.
№367
№368
.
ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)
Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр?
Достарыңызбен бөлісу: |