Күні: 21.10.14ж
|
математика
|
5 сынып
|
Тақырыбы:
|
Шеңбер және дөңгелек.
|
сабақтың мақсат-міндеттері:
|
а) ақпараттық: шеңбер және дөңгелек ұғымдарына түсінік беру, шеңбердің элементтерімен таныстыру;
ә) коммуникативтік: математикалық сауаттылықты арттыру;
б) проблемалық: шеңберді дөңгелектен ажыратуға үйрету, диаметр мен радиустың қатынастарын есептер шығаруда ұтымды қолдануға үйрету.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Сабақтың әдісі:
|
көрнекілік (иллюстративті), сөздік (баяндау, сұрақ-жауап), топтық, практикалық
|
технология:
|
БҮҮ, деңгейлеп-саралап оқытудың элементтері, сұрақ-жауап
|
Оқытудың түрі:
|
ұжымдық, даралап оқыту
|
Көрнекілігі:
|
оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, циркуль.
слайдтар, гимнастикалық сақина, стакан, кесе, глобус.
|
Пәнаралық байланыс:
|
жаратылыстану, тарих, қазақ тілі.
|
Сабақтың барысы:
|
|
|
І. Ұйымдастыру бөлімі.
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жоқ оқушыларды түгендеу, класс тазалығын тексеру. Сыныпты парақша тарату арқылы, төрт топқа бөлу
|
ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.
|
ТАПСЫРМА 5
АОВ жазыңқы бұрышы ОС және ОD сәулелерімен АОС, СОD және DОВ бұрыштарына бөлінген. СОD бұрышы тік бұрыш, ﮮДОВ=400, АОС бұрышының градустық өлшемін табыңдар
(Жауабы: 1800 -900 -400 =500
ТАПСЫРМА 6
ﮮАОС -жазыңқы бұрыш, ﮮ АОD - тік бұрыш жәнеﮮАОВ=450, ВОС бұрышы неше градус? ﮮ DОС қандай бұрыш? Толық бұрыштың 3600 тең екенін дәлелдеңдер.
(Жауабы: ﮮВОС=1800 -450=1350 ﮮ DОС=1800 -900=90 450+1350 +900 +900=3600)
|
Жауаптарын оқыған соң, бір-біріне жауаптарын тексерту, талдау
|
Ой қозғау
|
Көрсетілген фигуралардың ішінен сызықты атаңдар?
Қисық сызықты атаңдар?
Сынық сызықты атаңдар?
Тұйық қисық сызықтарды ата?
О нүктесінен А,В,С,D нүктелеріне дейінгі қашықтық туралы не айтуға болады.
6, 8 фигураларды салыстырыңдар?
Неліктен 8-ші фигура шеңбер болмайды?
Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?
|
Сұрақтарға жауап береді
Барлығы
2, 4
3, 6, 8
сабақтың тақырыбын ашып, дәптерлеріне жазады
|
ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық)
|
Білемін
|
Үйрендім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
|
Оқушылар өз пікірлерін кестеге толтырады.
|
IV. Жаңа материалды меңгерту бөлімі
|
Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған шеңбер деп аталатын тұйық сызық шығады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.
Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта жатады.
Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) дөңгелек деп аталады. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады.
Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта болғандықтан, берілген шеңбердің радиустары өзара тең. ОА=ОС=OB – радиустар.
Радиусты R әрпімен белгілейді. Шеңбердің радиусы 5 см болса, оның жазылуы: R=5 см. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. АВ – диаметр. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Шеңбердің диаметрі 6см болса, оның жазылуы D=6см. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R.
Слайд бойынша: шеңбердің диаметрлерін, радиустарын ата?
Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең.
Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. АС, СВ, АВ – доғалар. Жазылуы: .
|
Дәптерге негізгі ұғымдарды жазу
Шеңберді сызу
|
Сергіту сәті.
|
Өмірде шеңбер тәріздес фигураларды атаңдар?
|
|
V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.
|
№372 А тобы
1)
2)
12 мм
|
9 мм
|
№379 В тобы
№387 С тобы
Жанасады
қиылысады
қиылыспайды
|
Тапсырмаларды орындайды
|
VI. Үй тапсырмасын беру бөлімі.
|
А тобы №373 №371
В тобы №378
|
Күнделікке жазу
|
VII. Қорытынды бөлімі.
|
Білемін
|
Үйрендім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Кестені толықтыру
|
Кесте толтыру
|
Бағалау
|
Оқушылардың орындаған тапсырмалары бойынша бағалау
|
Бағалау
|