|
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңберін» құру.
Армысың, жарқыраған күн!
Армысың Жер-Ана!
Армысың көгілдір аспан,
Армысыңдар достарым!
Топқа бөлу.
«Жауқазын», «Бәйшешек», «Қызғалдақ» гүлдерінің атына сай мозайкалық әдіспен 3 топ болып топтасады.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Комбайншы»Ғ.Қайырбеков.
а) Егін жинау науқаны қай кезде басталады?
ә) Комбайншы туралы айтылған қандай мәтінмен танысып едік?
б) Үзінді айтып бере аласың ба?
Сабақтың жүру барысы
(Блум таксономиясы бойынша)
Білім.
Сабақтың тақырыбын шығару.
Жұмбақ жасыру.
1.Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен.
2. Өзі жасыл шекілдек,
Секіреді селкілдеп.
Ал енді ненің суреті шықты?
Түсіну.
1.Мысал-адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді,мінез-құлықтарды жан-жануарлардың іс-әрекеттері арқылы суреттеп жазатын шығарма.
2.Құмырсқа,шегіртке-жер шарында ең көп тараған жәндіктер.Олар тек Қиыр Солтүстік пен Антарктидада ғана кездеспейді.
Авторлармен таныстыру.
1.Мысалдың авторы И.А.Крылов1976 ж.
2 ақпанда Мәскеуде дүниеге келген.
Ұлты орыс.ақын,жазушы.
2.Абай Құнанбаев-ақын,жазушы,аудармашы.Ол 1845 ж Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Абай өлеңдерінен үзінді оқу.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биін билеу
Қолдану.
1.Суретпен жұмыс
2.Мысалды мәнерлеп оқу. (рөлге бөліп оқу)
3.Сұрақтарға жауап алу. Ашық сұрақтар.
-Шегіртке жазды қалай өткізді?
-Жазда оның жағдайы қалай болып еді?
-Ал құмырсқа қандай тірлікпен айналысты?
Топтық жұмыс.
І топ
Оқушыларға мақалдың мағынасын мәтінге сәйкестендіре ашуды тапсыру.
ІІ топ
Құмырсқаның еңбегі туралы эссе.
ІІІ топ
Шегірткенің зияны
Талдау.
Қойылым.(рөлде ойнау), бағалау
—Мысал арқылы адамдар бойындағы қандай қасиеттерді аңғаруға болады?
-Біздің арамызда осындай адамдар бар ма?
Жинақтау.
1.Мысал кейіпкерлеріне сипаттама беріңдер.
Еңбекқор,жалқау,ақылды,еріншек,ұйымшыл,
Сауықшыл,адал,бас пайдасын білмейді.(бағалау)
2.Ойын :
«Шегірткені қиыншылықтан құтқар!»
Рефлексия.
Мұғалім: -Бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын ым-шара арқылы көрсетеді.
Үйге тапсырма: Шегіртке мен құмырсқа. Мысалға байланысты сурет салу.
|
Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Жалпы сыныпқа сұрақтар қойыңыз. Ол бақытты ма? Неге? Оқиғаның ең шешуші тұсы қай жер? Негізгі кейіпкерлердің эмоциясын санмен белгілеңіз.
Оқушылар топқа бөлу.
Топтық ұрандарын айтады.
1.Өлеңдегі кейіпкерлерді бейнелеу.
2.Өлеңдегі мысалға ұқсас мысал әңгіме құрастыру.
Оқушы іштей адами қасиеттерді зерделей отырады.
Құмырсқа мен шегіртке жайында мағлұмат алады.
Аталған жәндіктердің пайдасы мен зияны туралы біледі.
Орыс жазушысы И.А.Крыловпен,қазақтың ғұлама ақын-жазушысы Абай Құнанбаевпен танысады.
Қимыл-қозғалыс әрекет
Оқушылар сұраққа жауап береді. Смайликтер арқылы көрсетеді, дәлелдейді.
І-топ: Жалқаудың жаны тәтті.
ІІ-топ: Еңбектің наны тәтті.
ІІІ-топ: Астығыңды жасыр,
Келе жатыр ұзынбойлы
жасыл.
«Шегіртке мен құмырсқа»үш топттан үш оқушы шығып,мәтін мазмұнын іс-әрекетпен көрсетеді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
«Венн»диаграммасы арқылы сипаттап,салыстыру жүргізеді.
1.——————— еңбекті,
2.——————— терлепті.
3.——————— сайрандап
4.——————— келмепті.
Оқушылар тек мақалмен ақыл айту арқылы көмектеседі.
Оқушылар өз пікірлерін жазба түрінде білдіреді.
Мысалды түсініп оқып,жаттап алу.Суретін салу.
|