Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың»



Дата23.08.2017
өлшемі30,38 Kb.
#25676
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңі

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Баршагүл Жұмағалиева

2015 – 2016 оқу жылы

Қазақ әдебиеті 6-сынып

Сабақ тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі

Сабақ мақсаты: а) Білімділік; Шәкәрімнің өмірі,шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беру. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.Ақынның адамдық борыш туралы ойын оқушы сезімімен ұштастыру.

ә) Дамытушылық; Ақын өмірінен , өлеңдерінен алған әсерлерін бүгінгі өмірмен салыстыру.Адами қасиеттерге деген ыстық сезімдерін өлеңмен , әнмен т.б.шығармашылық жолдармен икем дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелік; Адамгершілікке, халқын сыйлауға, Отанын сүюге ,халқымыздың ұлы тұлғаларын құрметтеуге, Мәңгілік Ел құндылықтарын нығайтуға ,ақындардың шығармаларын сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: ақын суреті ,суреттер, үнтаспа, шығармалар жинағы, үлестірме қағаздар.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап , проблемалық оқыту әдісі , салыстыру .

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. А.Құнанбаев «Интернатта оқып жүр» өлеңі.

Өлең оқушылардан мәнерлеп оқу арқылы сұралады. Мына сұрақтарға жауап алынады.

1.Абай кім?Қайда дүниеге келді?

2. Ақынның табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдері бар?

3.Қарасөздерінің саны? Онда нелер туралы айтылған

4. «Интернатта оқып жүр» өлеңінде не жайында айтылған?

5.Ақынның қандай әндерін білеміз?

ІІ. Жаңа сабақ. Ш.Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі

Сабақ эпиграфы: « Қазақ жырының ой-санасы – Абай , ар – намысы – Махамбет.Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуметпіз. Бірі – рухани ұстазымыз , бірі – рухты ұранымыз. »

Т.Боранғалиұлы ( Махамбеттанушы зерттеуші ғалым)

Жоспар:


  1. Ақын өмірі туралы мәлімет.

  2. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы.

  3. Сөздік жұмысы

  4. Топтық және жеке жұмыстар.

  5. Қорытынды.

Алдымен,ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріледі, өлеңнің тақырыбына ,идеясына түсінік беріледі.Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны баяндалады.

Ақын поэзиясындағы көңіл – күй лирикасының елеулі үлгісі.Ақынның адамдық борыш туралы ойы қазіргі Мәңгілік Ел идеясымен байланыстырылады.

Мәтінмен жұмыс , өлең мәнерлеп оқылып, түсініксіз сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

Сөздік жұмысы:

Тұл – жоқ, жетім

Мансап- атақ,даңқ

Нәпсі- мінез-құлқыңды, тәніңді

Сарп қыл – арнау, сол жолда өлу

Ғибрат -өнеге

Сөздік дәптерге жазылады.

ІІІ. Ой –өрістерін кеңейту мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіледі.

Шәкәрімнің әндері туралы сөз етіліп, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдалады.

1.«Топтастыру» бойынша Мәңгілік Ел жастары тақырыбына жұмыс жүргізіледі.

2. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы бойынша тапсырма беріледі.





Ақынның «Адамдық борышың» өлеңінен қандай қасиеттерді бойыңа сіңірдің?

Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастар бойында кездеспейді?







ІV. Бекіту. Сұрақтарға жауап алынады.адамдық жайында қанатты ,нақыл сөздер оқу.

V. Қорытынды ретінде мына Мұқағалидан , Мәңгілік Ел туралы өлең жолдары оқылады.



VІІ.Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін оқу. «Менің борышым» тақырыбында ойтолғау жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет