Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр»



Дата31.12.2019
өлшемі20,51 Kb.
#54188
түріСабақ
Мекен - жайы: БҚО, Тасқала ауданы

Мектебі: Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі

Сыныбы: 8б (әдебиет)

Мұғалімі: С.Г.Жанаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы кіршіксіз, адал махаббат. (2 сағаты)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру, сабақты пысықтау;
Дамытушылық: Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанарлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ - тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойын жүйелі хабарлай білуіне жіті көңіл бөлу;
Тәрбиелік: салт - дәстүрімізді білуге, оған құрметпен қарауға, адалдыққа, достыққа берік болуға ұлтымыздың ұлы адамдарының еліне еткен еңбегін бағалай білуге, ақынның әндері өлеңдері арқылы өнерді түсінуге, сүйсінуге тәрбиелеу.
Түрі: өткен тақырыпты пысықтау
Әдісі: СТО, сұрақ - жауап, баяндау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: видеопроектор, Шәкәрім, Абай кітаптары,слайд

Пәнаралық байланыс: тарих, ән – күй

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру. Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру

Сыныпты 2 топқа үлкен – кіші жүрекшелер арқылы бөліп отырғызамын. (19 оқушы 9 -10 оқушыдан бөліп отырғызамын.



1 – топ «Еңлік – Кебек»

2 – топ «Қалқаман – Мамыр»
ІІ. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасына «Деректер сөйлейді» слайдтағы сандар арқылы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығын айту.

Шәкәрім портретіне қарап, түсініктеме беру.



ІІІ. Қызығушылықты ояту

«Қыз Жібек пен Төлеген» бейнетаспадан үзінді көрсету.

Бұл фильм нені баяндайды?

Фильмнің негізгі тақырыбы не?

Қандай әсер алдыңдар?

Тәрбиелік мәні қандай?

Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз махаббат тақырыбында болмақ. «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы кіршіксіз адал, махаббат. Өткен сабақты пысықтау.

ІV. Тапсырма


  1. Топ 1. «Атастыру» дегеніміз не поэма арқылы дәлелде

2. Кесте толтырып, кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыру.

(Оқулықтан іздеп, тауып жазады.)






Кейіпкерлер

Мінездеме

Баға

1

Мәмбетей







2

Көкенай







3

Қалқаман







4

Мамыр






2 – топ 1. «Бастаңғы» дегеніміз не поэма арқылы дәлелдеп айт

2. «Қалқаман – Мамыр» поэмасына сюжеттік талдау


Оқиғаның басталуы

Мәмбетейдің жалғыз еркекшора қызы болған

Оқиғаның байланысуы

Қалқаман мен Мамырдың кездесуі

Оқиғаның дамуы

Мәмбетай мен Көкенайдың баба сөзіне келіспеуі. Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы

Оқиғаның шешімі

Мамырдың өлімі

Оқиғаның аяқталуы

Қалқаманның елден кетуі

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек» әні баяу қосылады.



V. «Ізден, тап»

  1. ”Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен, 

Мамырды жас күнінен біледі екен.” 

2. «Тағдыр бізді қоспады айып етпе, Ертең құда түседі біреу маған.”

3.”Мінді де екі ғашық кетіп  қалды.” 

4.”Бір күні төркініне амандаса Мамыр келді, тағдыр ғой сол баяғы.” 

5.«Қалқаман ,  аман бол!» -деп көзін ашты, Опасыз   бұл   жалғанға    амандасты.” 

6.”Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,  Ешкіммен ойнап-күліп жүре  алмаймын.” 



VІ. Ойтолғау кезеңі. Еркін жазу стратегиясы

  1. Топ «Егер мен автор болсам...»

VIІ. Сабақты бекіту. «Қалқаман- Мамыр» трагедиясы –сол заманның ащы шындығы, шынайы реализмі. Поэмада ел ішіндегі рулық қақтығыс айқын көрінеді. «Қалқаман – Мамыр» поэмасы 1882 жылы жазылған 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасында жарық көрген. Оқиғаның болған жері - Сыр өңірі 1722 ж. қазақтың «Ақтабан шұбырынды» қарсаңындағы қилы кезеңі суреттеледі. Осы орайда тарих пәнінің мұғалімі Байдушев Исатай Губайдуллович азғана мәлімет береді.
Тәуелсіздікпен байланыстырып, сұрақтар қою.

Бекіту сұрақтары

Өмірге жеңіл қарайтын қазіргі жастарға қандай ақыл – кеңес берер едіңдер? Өмірмен байланыстырып айту. (Мыс: жеңіл жүріске салынбау, жаман жолға түсу т.б.)

Бүгінгі күнде шынайы ғашықтық бар ма?

(Махабатқа тұрақтылық, сезіммен ғашық болу т.б.)



VIІІ. Топтастыру стратегиясы

Абайдың махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне топтастыру стратегиясын құру.

ІХ. Қорытынды. Рефлексия әдісі (Дәптерге орындалады.)


Бүгінгі сабаққа дейін білдім

Бүгінгі сабақтан білдім

Білгім келеді










Х. Үйге тапсырма: «Махаббатсыз дүние бос» ойтолғау жазу

Бағалау. Мадақтау сөздері арқылы бір – бірін бағалау, топ басшыларымен ақылдаса отырып, қорытынды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет