Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының «Құрметті азаматы».
Үржар аудандық «Уақыт тынысы», «Пульс времени» газетінің журналисі Зоя Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының «Құрметті азаматы»
Қабдеш Жұмаділов. Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері
• 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.
• 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
• 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
• 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
• 1954-жыл. Үрімжіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.
• 1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.
• 1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды.
• 1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
• 1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.
• 1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.
• 1965-жыл. Өзімен тағдырлас Сәуле Әукенқызына үйленді.
• 1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.
• 1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.
• 1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.
• 1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.
• 1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.
• 1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.
• 1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
• 1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
• 1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.
Шығармалары:
1. «Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966.
2. «Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968.
3. «Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969.
4. «Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972.
5. «Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974.
6. «Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976.
7. «Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978.
8. «Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980.
9. «Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981.
10. «Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982.
11. «Көштен соңыра» - «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983.
12. «Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984.
13. «Атамекен». Роман. «Жалын», 1985.
14. «Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988.
15. «Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989.
16. «Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992.
17. «Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994.
18. «Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996.
19. «Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996.
20. «Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998.
21. «Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999.
22. «Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999.
23. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999.
Пайдаланылған әдебиет
• Жұмаділов Қ. К. Таңғажайып дүние: ғұмырнамалық роман. — Алматы: Тамыр, 1999. — 624 бет.
«Ақын – жазушы кім десеңіз, ол – бүкіл өмірі символға айналған адам. Егер мен өзім жайында айта бастасам, оның замана туралы, жалпы адамзат туралы хикая болып шығарына сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |