Пікірлер, көзқарастар Қабдеш Жұмаділовті білмейтін қазақ кемде-кем. «Қаздар қайтып барады» және «Қылкөпір» романы Жұмаділовты жұмыр жерге танытты. Қаламгер-классик туралы Еуразия университетінде толымды туынды дүниеге келді.
Докторлық диссертация авторы – Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтының доценті Руда Зайкенова. Айта кеткен жөн, жазушы туралы мұндай көлемді еңбек бұрын-соңғы жарияланбаған болатын.
Қазіргі қазақ әдебиетінің классигі. Қабдеш Жұмаділов туралы замандастары, бүгінгі оқырман қауым осылай дейді. Қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Қабдеш ағаның бүкіл романдары – тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар. Бүгінгі ғылыми жұмысқа да жазушы еңбектеріндегі тарихилық, деректілік элементтері арқау болыпты7
Серік Негимов, ЕҰУ профессоры:
Бұл кісі қазақ әдебиетіне үлкен олжа салды. Қазақ оқырмандары өте жақсы көретін сүйікті жазушымыз. Бұл кісінің басқа жазушылардан өзіндік ерекшелігі бұл кісінің романдарындағы оқиғалар ол төрт мемлекеттің территориясында өткен.
Еңбек авторы – Руда Зайкенова, Алматы қыздар Педагогикалық институтының доценті. Ғылыми жұмысты бастан-аяқ жазып шығуға 6 жылын арнапты. Қабдеш Жұмаділов шығармаларында 3 ғасыр қапталады. 18 ғасырдағы қазақ-жоңғар шайқасы «Дарабоз» романында айқын көрініс тапса, 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басындағы аласапыран «Тағдырда» суреттелген, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрес – «Атамекен» романында айтылады. Докторлық диссертация авторы, бұл роман эпопеялардың тарихи таңбаларына қарап 4 бөлімде жеке-жеке қарастырған. Руда Зайкенова, Алматы қыздар педагогикалық институтының доценті:
Бұл мәселе әлі күнге дейін бірде-бір арнайы зерттелген жоқ. Ауызды қу шөппен сүртуге болмайды әрине, ол кісінің тілі, стилі туралы еңбектер жарық көріп жатыр.
Қабдеш Жұмаділов, Қазақстанның халық жазушысы:
Докторлық үлкен еңбек. Ұлт тағдыры дейді. Шынымен, менің шығармашылығым ұлтпен байланысты. Қуаныштымын, әрине. Сәттілік тілеймін.
Жауһар туындыларымен қазақ әдебиетінің қазынасын толтырған жазушы туралы еңбек өз оқырмандарына жол тартты. Сондай-ақ, кеше Қабдеш Жұмаділовқа ел мәдениетіне қосқан сүбелі үлесі үшін «Күлтегін» медалі тапсырылды7