Гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтайды.
Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттайды.
Тілдік мақсаттар
Жазылым. Орта ғасырлардағы ғалымдардың еңбектерін, сәулет өнерін, әдебиеттерді жазады.
Айтылым. Тұлғалар туралы баяндайды, суреттерді сипаттайды.
Тыңдалым.Оқушылардың баяндамаларын тыңдайды.
Оқылым. Оқушылар оқулықта берілген мәліметтерді оқиды.
Құндылықтарға баулу
Рухани жаңғыру
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастық құндылығын ұлы ғалымдарға, орта ғасырдан біздерге мұра болып қалған сәулет өнерлеріне, әдеби шығармаларға құрметпен қарау арқылы баулу.