06.04.2016 жыл
|
Қазақ тілі
|
6-сынып
|
Сабақ тақырыбы
|
Шылау, оның түрлері және емлесі. 2-сағаты
|
Дерек көздері
|
Қазақ тілі оқулығы. С.Исаев, Ж.Дәулетбекова
Алматы «Атамұра» 2015
Қазақ тілі жұмыс дәптері. 6-сынып. Авторлары: А.Қасымбек, А.А.Байтіленова, Л.К.Генжемұратова. «Арман-ПВ»баспасы, 2015.57-58-беттер.
К.Нукенова – Шылау. Блокты таблица.(Өз авторлығымнан)
|
Сабақ жабдығы
|
Тақта, оқулық, рефлексия, интер-актив тақта , кеңсе жабдықтары , А-3, А-4 парақтары т.б.
|
Жалпы мақсат
|
Шылау туралы 6-сыныпта білуге тиіс материалдар туралы толық мағлұмат алады, түсінеді.
|
Міндеттері
|
Сөз табы ретінде ерекшелігін ұғыну
Білдіретін мәні мен орнына қарай түрлері туралы түсінік алады.
Түрлері , емлесі, жалпы шылауға қатысты барлық мәселе туралы блокты түрде түсінік алатын болады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Шылауларға қатысты барлық мәліметтерден, яғни өзіндік ерекшеліктерінен, түрлерінен , жазылу емлелерінен хабардар болады.
|
Сабақтың түрі
|
Білім және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру сабағы (Т.И.Шамованың жіктеу үлгісі бойынша)
|
Ұйымдастыру түрі
|
«Ашық ойлар» сабағы
|
Оқыту әдістері
7 модульді қолдану
|
Жаңа тәсілдер: Блокты оқыту
СТО. «Сұрақтарды қағып ал» стратегиясы
Диалогтік оқыту: зерттеу, келісімпаздық әңгіме түрлері
АКТ: Блокты таблица, тапсырмаларт.с.с.
Талдау, жаттығу жұмыстары
Бағалау
Дарын, талантты баламен жұмыс
|
Сабақ көрнекіліктері
|
АКТ: Блокты таблица, тапсырмалар т.с.с.
Топ жазбалары
Оқулық кестелері
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
239- жаттығу. «Исатай сарбаздары» мәтінінен шылауларды тауып, қай түрі екенін және қандай қызмет атқарып тұрғанын айту. – Әр топтан сұрау, бағалау бетшелерін толтырту – 6 минут.
|
Қызығушылықты ояту
|
Көмекші сөздерге қандай сөздер жататын еді? Олар неге көмекші сөз деп аталады? Шылауды неге жеке сөз табы ретінде қарастырамыз?- 2 минут
|
Топқа бөлу
|
Топтық жұмыс. Топқа сабақ мазмұнына қарай бөлу: «Жалғаулықтар», «Септеуліктер», «Демеуліктер», «Емле; Бөлек», «Дефис» –алдын ала бөліп отырғызу.
|
Мағынаны тану
|
Топтарға тапсырма беру. Әр топтың тапсырмасы өз аттарына сәйкес болады. Әр тапсырмада 5 сұрақтан беріледі. Мазмұны солай аталу себебі, оларды атау, қызметін түсіндіру, мағынасын ашу, орыс тіліндегі баламасын айтудан тұрады.- Дайындалуға , оқулықтағы тақырыптарды оқып, қажет жағдайда жауап жазуга- 6 минут
Сөйлеу, түсіндіру сәті. «Ашық ойларға»- 20 минут. Әт топқа 4 минуттан.
Интер-актив тақтада берілген жұмысты дәптерлерінде орындау:
Бос орындарга шылауларды сәйкестендіріп қою. Ауызша -2 минут
Берілген сөздерге септеулік шылауларды тіркеп, сөйлемдер құрау. Тапсырма интер-актив тақта арқылы беріледі. Орындай алған оқушылардың көмегімен жасалады. - Дарынды баламен жұмыс- 3 минут
|
Сергіту сәті
|
Музыкалық пауза: «Бақ құсыңды бағала»- 2 минут.
|
Ой толғаныс
|
Интер-актив тақтада берілген жұмысты ауызша орындау: Шылауларды мағынасына қарай ажыратып белгілеу.-3 минут
Блокты таблица арқылы қорытынды жасау.
|
Үй тапсырмасы
|
244-жаттығу. Көшіріп жазып, шылаулардың астын сызу, түріне, қызметіне айыру. Қарындашпен сызу.
|
Кері байланыс
|
Нені білдім? Нені шала түсіндім? Қай жұмыс ұнады?-1 минут
|
Бағалау
|
Өз топтарында бірін-бірі бағалау- 2 минут
|
Рефлексивтік есеп
|
|