Сабақ тақырыбы Шылау, оның түрлері және емлесі. 2-сағаты Дерек көздері



бет1/4
Дата10.07.2017
өлшемі1,95 Mb.
#21005
түріСабақ
  1   2   3   4
«БЕКІТЕМІН»

ДОЖО----------------------------------



«----------»------------------------- 2016 ж.

«№21 Жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық ММ-сінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Нукенованың

ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Шылау, оның түрлері және емлесі. 2-сағаты

6-сынып. Қазақ тілі пәні

06.04.2016 жыл



06.04.2016 жыл

Қазақ тілі

6-сынып

Сабақ тақырыбы

Шылау, оның түрлері және емлесі. 2-сағаты

Дерек көздері

  1. Қазақ тілі оқулығы. С.Исаев, Ж.Дәулетбекова

Алматы «Атамұра» 2015

  1. Қазақ тілі жұмыс дәптері. 6-сынып. Авторлары: А.Қасымбек, А.А.Байтіленова, Л.К.Генжемұратова. «Арман-ПВ»баспасы, 2015.57-58-беттер.

  2. К.Нукенова – Шылау. Блокты таблица.(Өз авторлығымнан)




Сабақ жабдығы

Тақта, оқулық, рефлексия, интер-актив тақта , кеңсе жабдықтары , А-3, А-4 парақтары т.б.

Жалпы мақсат

Шылау туралы 6-сыныпта білуге тиіс материалдар туралы толық мағлұмат алады, түсінеді.

Міндеттері

  1. Сөз табы ретінде ерекшелігін ұғыну

  2. Білдіретін мәні мен орнына қарай түрлері туралы түсінік алады.

  3. Түрлері , емлесі, жалпы шылауға қатысты барлық мәселе туралы блокты түрде түсінік алатын болады.

Күтілетін нәтиже

Шылауларға қатысты барлық мәліметтерден, яғни өзіндік ерекшеліктерінен, түрлерінен , жазылу емлелерінен хабардар болады.

Сабақтың түрі

Білім және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру сабағы (Т.И.Шамованың жіктеу үлгісі бойынша)

Ұйымдастыру түрі

«Ашық ойлар» сабағы

Оқыту әдістері

7 модульді қолдану



Жаңа тәсілдер: Блокты оқыту

СТО. «Сұрақтарды қағып ал» стратегиясы

Диалогтік оқыту: зерттеу, келісімпаздық әңгіме түрлері

АКТ: Блокты таблица, тапсырмаларт.с.с.

Талдау, жаттығу жұмыстары

Бағалау


Дарын, талантты баламен жұмыс

Сабақ көрнекіліктері

АКТ: Блокты таблица, тапсырмалар т.с.с.

Топ жазбалары

Оқулық кестелері


Үй тапсырмасын сұрау

239- жаттығу. «Исатай сарбаздары» мәтінінен шылауларды тауып, қай түрі екенін және қандай қызмет атқарып тұрғанын айту. – Әр топтан сұрау, бағалау бетшелерін толтырту – 6 минут.

Қызығушылықты ояту

Көмекші сөздерге қандай сөздер жататын еді? Олар неге көмекші сөз деп аталады? Шылауды неге жеке сөз табы ретінде қарастырамыз?- 2 минут

Топқа бөлу

Топтық жұмыс. Топқа сабақ мазмұнына қарай бөлу: «Жалғаулықтар», «Септеуліктер», «Демеуліктер», «Емле; Бөлек», «Дефис» –алдын ала бөліп отырғызу.

Мағынаны тану

  1. Топтарға тапсырма беру. Әр топтың тапсырмасы өз аттарына сәйкес болады. Әр тапсырмада 5 сұрақтан беріледі. Мазмұны солай аталу себебі, оларды атау, қызметін түсіндіру, мағынасын ашу, орыс тіліндегі баламасын айтудан тұрады.- Дайындалуға , оқулықтағы тақырыптарды оқып, қажет жағдайда жауап жазуга- 6 минут

  2. Сөйлеу, түсіндіру сәті. «Ашық ойларға»- 20 минут. Әт топқа 4 минуттан.

  3. Интер-актив тақтада берілген жұмысты дәптерлерінде орындау:

Бос орындарга шылауларды сәйкестендіріп қою. Ауызша -2 минут

  1. Берілген сөздерге септеулік шылауларды тіркеп, сөйлемдер құрау. Тапсырма интер-актив тақта арқылы беріледі. Орындай алған оқушылардың көмегімен жасалады. - Дарынды баламен жұмыс- 3 минут

Сергіту сәті

Музыкалық пауза: «Бақ құсыңды бағала»- 2 минут.

Ой толғаныс

  1. Интер-актив тақтада берілген жұмысты ауызша орындау: Шылауларды мағынасына қарай ажыратып белгілеу.-3 минут

  2. Блокты таблица арқылы қорытынды жасау.

Үй тапсырмасы

244-жаттығу. Көшіріп жазып, шылаулардың астын сызу, түріне, қызметіне айыру. Қарындашпен сызу.

Кері байланыс

Нені білдім? Нені шала түсіндім? Қай жұмыс ұнады?-1 минут

Бағалау

Өз топтарында бірін-бірі бағалау- 2 минут

Рефлексивтік есеп



Топтар тапсырмалары








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет