Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Сын есім»
(қазақ тілі 2-сынып)
Мұғалімі: Хамидуллина А.И.
Ақсай 2015
Сынып: 2
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа заман талабына сай оқытудың түрлі технологияларын сабақта тиімді пайдалану арқылы оқушыларға жаттығуларды орындата отырып, сын есім туралы түсінік беру, сын есімді таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Тілін, сөздік қорларын дамыту, дүние танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Байқампаздыққа, белсенділікке, мейірімділікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Ауызша сөйлеу қабілеті дамыған, сауаттылығы, дербес жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан, белсенді, байқампаз, ой-танымы кең,
тапқыр, алғыр, нәтижеге қол жеткізетін оқушы болып қалыптасады.
Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену, зерттеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, өздік жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс,
постермен жұмыс, ойын, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану.
Көрнекілігі: қызғалдақ ,кәрзеңке, қолшатыр
Қажетті құралдар:АКТ, СБР, интерактивтік тақта, электронды оқулық.
Қолданылатын жаңа педагогикалық технология элементтері:Дидактикалық бірліктердіірілендіру, ойын элементтері, топтастыру, симантикалық карта, сәйкестендіру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.(Тұсаукесерден төмендегі қызыл сызбаны басу)
Күлім қағып қолымды,
1,2,3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы, жылы жүзбенен,
Мандайыннан сипайын.
Жылы, жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір қысайын.
Топқа бөлу.(Өткен сабақпен байланыстыру, ертегілер түріне қарай)
Түстер бойынша топқа бөлу
Қызығушылығын ояту.
Көктем кіреді.
-Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Балалар, мен келгеніммен далада гүлдерім шықпай жатыр.Сендер өз білім нәрімен сусындатсаңдар, тапсырмаларды орындасаңдар қызғалдақтарымның шығуына көмектесесіңдер.Көмекке дайынсыңдар ма?
1 – тапсырма(Тұсаукесерден төмендегі қызыл сызбаны басу)
“Бәйге”
1 – тапсырма
“Бәйге”
Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?15
Дауыссыз дыбыс түрлері үнді, ұяң, қатаң
Буын түрлері ашық, бітеу, тұйық
Сөз таптары зат есім, сын есім , сан есім, етістік ,үстеу,шылау, одағай, есімдік, еліктеуіш сөздер
Етістіктің сұрақтары не істеді? не қылды? қайтті?
2 – тапсырма
Етістікті ата!
Достарыңызбен бөлісу: |