Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі
«Бекітемін»
ОӘЖЖ директордың
орынбасары________ Г.А.Нуржанова
«____»_________ 2015 ж.
Ашық сабақ:
Тақырыбы: «Сырым Датұлы басқарған
Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. »(1783-1797 жылдар)
Өткізген : Әлеуметтік және гуманитарлық
пәндер оқытушысы А.Е.Дуйсенгалиева.
Пән: Қазақстан тарихы
Топ: ГСТ11-12
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының
көтерілісі». (1783-1797 жылдар)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сырым Датұлы өзі атақты батыр, өзі көрнекті басшы, өзі әйгілі шешен, отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі екендігін, еңбек жолын түсіндіре отырып, студеттерді ғылымға бейімдеу.
Дамытушылық: 1783–1797 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың себептерін талдай білуге және олардың
арасындағы байланыстарды айқындай білуге баулу.
Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Сырым Датұлы батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің патриоты болатындай етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, карта, тірек схемалар, интерактивті тақта, (презинтанция)
Пән аралық байланыс: ҚР мемлекеттік құқығының тарихы,
Қазақ әдебиеті, Алғашқы әскери дайындық.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)
Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру (23 минут)
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (25 минут)
Жаңа материалды бекіту (25 минут)
Сабақтың қорытындысы (5 минут)
Бағалау (5 минут)
Үйге тапсырма. (5 минут)
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Студенттермен амандасу
2. Топтың құрамын тексеру
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру: Студенттердің біліктілігі мен дағдысын тексеру.
1. Үй тапсырмасы ретінде берілген тақырыпты қорғату.
2. «Кім көп біледі?» ойыны
1. Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі қай жылдары болды?
/1773-1775/
2. Емельян Пугачев көтерілісіне қай жүздердің қазақтары қатысты?
/Кіші және орта жүз/
3. Ресей патшасының Жайық бойында мал жаюға тыйым салған
жарлығы қашан шықты?/1742 жылы, 19 қазан
4. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна қазақтарға Жайықтың
сол жағасына уақытша мал жаюға неліктен рұқсат етті?
/Башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені үшін/
5. Пугачев әскерлерімен бірге Орынборды қоршауға қатысқан қазақтар
саны/2000/
6. Пугачев үндеуін қолдап, көтеріліске қатысу туралы шешімге келген
Орта жүз биі? /Дәуітбай/
7. Е.Пугачев көтерілісінің соңғы ошақтарын өшірген патша әскерлерін
кім басқарды? / Генерал А.Суворов/
8. Патша өкіметі қай өзеннің атын Орал деп өзгертті? /Жайық/
9. 1782-1783 жж Кіші жүз жерінде қандай ауыр жағдай болды? /Жұт.
малдың қырылуы.
10. Қай жылы Пугачев әскері әлсіреді? /1775 жылы/
11. Ресей патшалығы қай уақытта Кіші жүзді өзіне тәуелді етті?
Жауабы: /18 ғ-ң 30 жылдары/
13. Емельян Пугачев қай қалада өлтірілді?
Жауабы: /1775 жылы Мәскеуде дарға асылды?/
14. Пугачев езілген халық бұқарасына қандай уәде берді? /Жермен
қамтамасыз етуге/
15. Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша әскерінің қысымымен
қайда ығысты? /Сырдария бойына/
16. Қашан Пугачев Нұралыға үндеу жолдады?
/1773 жылы 20 қыркүйек/
Сіздерге үйге тапсырма ретінде Ескі Шіркеу ауданында орналысқан Емельян Пугачев музеәіне барып, танысып,призентация жасау туралы тапсырма берген болатынмын. Ортаға келе қойыңдар.
ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Жаңа тақырыптың мазмұнымен жүйесін түсіндіру.
Студенттердің қызығушылығын ояту. Тақырыпты ашу.
Бұл кім?
Сырым Датұлы
|
Дүниеге келгені:
|
1723 ж.
|
Қайтыс болғаны:
|
1802 ж.
|
Ұлты:
|
Қазақ
|
Мансабы:
|
Қазақ батыры
|
Сырым Датұлы (1723-1802) - қолбасшы батыр, би, шешен. Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген. 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Шыққан тегі — 12 ата Байұлына жататын байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды. XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі.
2. Көтерілістің алғы шарттары:
Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуі.
Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы.
Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы. Орыс помещиктері мен Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.
1782-1783 жылдарда жұт әскерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.
1782 жылғы 27 желтоқсан -патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:
Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға ғана рұқсат етілді.
Казактар жерлерінің қазактарға жалға берілуіне тыйым салынды.
Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші - қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтерілісшілердің басты мақсаты:
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
Көтеріліс басшысы Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы. Ол 1775 жылы Пугачевтың әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшысы А. Суворов граф Панинге жазған хатында /1775 жылы 22 маусым/ "Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды" деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.
1778 жылы - Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болады.
1783 жылдың күзі - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.
1783 жылғы желтоқсан - Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны құтқыннан босаттырады.
1784 жылығы маусым - Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.
Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.
Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.
1785 жыл - Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. 1785 жылы қүзде қазақ билерінің 20 ру өкілдері мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:
Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.
Сырымның мақсаты: Хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, Сұлтан батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына тағайындады.
1786 жыл - Орынборда шекаралық коммиссия құрылды.
1787 жыл -Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төмендігі сатылары ұйымдастырылды.
Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, Игельстром реформасы уақытша тоқтатылды.
Көтерілістің қайтадан өрлеуіне түрткі болған оқиға - Орал казактарының қазақстарға қарсы шабуылы.
Сырым батырдың алдыңда екі түрлі жол тұрды.
Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу. Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.
Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.
Батыр екінші жолды таңдады.
Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 жылы Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті.
1792 жыл - Сырым Ресей империясының қарсы ашық күрес жариялады.
Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды.
1791 жылы маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезіне шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногроск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.
1794 жылы - Ералы хан қайтыс болды.
1795 жылы - Есім хан болып сайланды.
1796-1797 жылдардағы ұлы жұт , ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.
1797 жыл -Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол Кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.
Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуде ойластырды. Орынбор әкімшілігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797 жылы күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды:
Айшуақ хан болып бекітілді. 1797 ж-қазан-1802 жыл.
1797 жыл Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Даұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.
1802 жылы Хиуа да қайтыс болсын.
Жеңілу себептері:
Қазақ феодалдары мен старшындық топтарарасындағы алауыздық.
Руаралық қайшылықтар.
Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.
Қару - жарақтың аздығы.
Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.
Тарихи маңызы:
Еліміздің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.
Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.
Патша үкіметенің отарлау саясатының тупкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелденді.
Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ кштеріліс болып, 14 жылғасозылды.
Көтерілістің нәтижесі:
1801 жылы патша үкіметі қазақ руланна Жайықтың оң жағасына өтуге ,мал жаюға рұқсат берді.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Cтуденттерді өз бетімен үш топқа бөлінеді.
1. Шежіре орталығы Сырымның шыққан тегі, ұрпақтары.
туралы таныстырады.
2. Тарих орталығы - Көтерілістің тарихымен зерттеушілері
таныстырады.
3. Әдебиеттегі орыны Сырымның жайында әдебиет орталығы
таныстырады.
Студенттер өз бетімен сипаттама береді.
1. Көтерілістің басты мақсаты?
2. Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері?
3. Көтерілістің жеңілу себептері?
4. Ортақ белгілері:
С.Датұлы бастаған көтеріліс, Е.Пугачев бастаған көтеріліс?
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс:
- Ресей отаршылдығына қарсы ашық күрес жүргізілді.
- Қазақ жеріндегі ең ұзаққа созылған көтеріліс
- Қазақ елінің батысындағы ірі халықтық бас көтеру.
Емельян Пугачев бастаған көтеріліс:
- Орыс-қазақ шаруалары бірікті.
- Көтерілістің қозғаушы күші –қарапайым шаруалар.
- С.Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісінің шығуын тездетті.
Ортақ белгілері:
- Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.
- Қазақ жерінде патша әскерінің бекіністерінің көптеп салынуы.
2. Сөздік. Қазақша-Орысша-Ағылшыншы-Арабша.
3. "Ақылдың алты-қалпағы"
Мақсаты:
Айтарлықтай нәтижелі және сіздің ойларыңызға деген әсерден хабардар болу үшін, сананың түрлі бөліктерін бөлу.
Ақ - цифрлар, фактілер.
Сары - осы елдің позитивті жақтарын айту.
Қара - жағымсыз жақтары.
Кызыл - жаңашылдықты, шығармашылықты баяндау.
Көк – бағалау.
Жасыл - мәлімет береді.
3. Ти кестесі: 1783--1797 жылдарда көтеріліс кезінде Сырымға көрсетілген тағзым, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Сырымға көрсетілген тағзым.
1783--1797 жылдарда көтеріліс кезінде Сырым көрсетілген тағзым
|
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Сырым аруағына көрсетілген тағзым
|
|
|
Ү. Сабақтың қорытындысы. Инсерт әдісі арқылы.
Не білем?
|
Не білдім?
|
Не білгім келеді?
|
|
|
|
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырмасы:
1. Сырым Датұлы туралы эссе жазу?
2. Сырым Датұлы туралы тест құрастыруып келу?
_____________Қазақстан тарихы пән оқытушы: Дуйсенгалиева А.Е.
Достарыңызбен бөлісу: |