Сабақ тақырыбы Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы



Дата10.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#131362
түріСабақ
Байланысты:
7 сын 26,01


Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Бөлім : 7. 3 Қысым

Мектеп: «Бейнеу лицейі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Ходжаева А.С.

Сынып : 7 «А»

Қатысқандар саны :
Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсінеді, Паскаль заңын біледі



Басым көпшілігі: Паскаль заңына мысалдар келтіреді, есептер шығаруда қолданады



Кейбірі: Сұйықтар мен газдардағы қысымның өмірде тиімділігін анықтап, маңызын талдап саралайды

Бағалау критерийі

  • Сұйықтар мен газдардағы қысым қандай шамаларға байланысты өзгеретінін анықтайды

  • Сұйықтар мен газдардағы қысымның формуласын есептер шығаруда қолданады

  • Қысымды өмірмен байланыстырып, мысал келтіре алады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин

4 мин


2 мин

Сабақтың ортасы


16 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-бірінің қолынан қысып жақсы тілектер айтады.
Үй тапсырмасын тексеру
«Физикалық суреттер сөйлейді »
Сурет бойынша физикалық құбылысты түсіндіру






«Қысым» физикалық шамасына
ассосация құру

Ой қозғау арқылы тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар қойылады.


«Ойлан тап» ойыны арқылы білімдерін тексеру

  1. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)

2. Мұз қанд ай күйге жатады? (Қатты күйге)
3. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ не қалады? (Ауа)
4. Ауа қандай күй? (Газ күйі)
5. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
6. Ал су қандай күйге жатады? (Сұйық күйге )
1 тапсырма:
Белсенді оқыту: «Тәжірибеңмен бөліс»
Тәжірибе: сұйықтар мен газдардағы қысымның таралуын зертте, қандай шамаға тәуелді екенін анықта





Сұрақтар: «Жауап алу әдісі»

  1. Газдың немесе сұйықтың өзі толтырып тұрған ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы неден туындайды?

  2. Газды сыққанда оның қысымы қалай және неліктен өзгереді?

  3. Газды қыздырғанда оның қысымы қалай,неліктен өзгереді?

  4. Неліктен сұйықтар мен газдар өзіне түсірілген қысымды барлық жаққа бірдей таратады?

  5. Кран ашық тұрғанда суды қолымызбен басып тоқтата алмаймыз, ал бақшаны суарғанда шлангідегі кішірек саңылауды жабу қиын емес. Неліктен?

  6. Паскаль заңын тұжырымда

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам
Оқушылар өзара түсін-гендіктерін көрсету үшін бағдар-шамның түстерін көтеру арқылы бағалайды. . (жасыл = барлығы түсінікті сары жартылай түсінікті қызыл = түсінбеймі


2 тапсырма:


«Мәзір уақыт» әдісі есептер шығару жекелей шығарады
І-деңгей:
1 Массасы 600кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ауданы 2000см2. Ол топыраққа қандай қысым түсіреді?
2 S=0,01 м2 ауданға F=50 H күш әрекет етеді. Қысымды P анықтаңдар
ІІ деңгей:
1 .Мұз 90кПа қысымға төтеп береді. Осы мұздың үстімен массасы 5,4т, шынжыр табанының ауданы 1,5м2 трактор өте ала ма?
2 Шынжыр табанды ДТ-75М тракторының массасы m = 7710 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы S=1,8 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын P анықтаңдар?
ІІІ деңгей:
1 Қар үстінде тұрған шаңғының салмағы F=780 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы a=1,95 м, ал ені b=0,06 м. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын P тап


Сергіту сәті: Молекулалар қозғалысы (сұйық, газ , қатты денелердің молекулаларының орналасуы)

Үлестірмелі қағаз

Презентация


Үлестірмелі қағаз

Флипчартқа постер құрады


«Эдисон физикасы»
Қосымша №1
Цилиндр, колба, паскаль шары
Бағдаршам сигналдары
Қосымша №2
үлестірме қағаз карточкалар

Сабақтың соңы
4мин

2 мин


Білімдерін бекіту: Шағын тест 6 сұрақтан тұратын


3 тапсырма жеке
Сұйықтар мен газдардағы қысым

  1. Қай күйдегі зат тек әсер етуші күш бағыты бойынша қысым түсіреді? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) Тек сұйық.
Б) Тек қатты.
В) Тек газ .

  1. Сұйыққа батырылған дене тереңдігі артқан сайын денеге түсірілген қысым қалай өзгереді? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) Ұлғаяды.
Б) Азаяды.
В) Өзгермейді.

  1. Биіктігі 76 см сынап бағанасы қандай қысым тудырады?

А) 1013кПа.
Б) 101кПа.
В) 10,1кПа.

  1. Төбесіне дейін толтырылған шелекке тас тастағанда судың шелек түбіне түсіретін қысымы өзгере ме?

А)Ұлғаяды.
Б)Азаяды.
В)Өзгермейді.

  1. 10 м тереңдіктегі су қысымы қандай? Дұрыс жауапты көрсет.

А) 10 кПа.
Б) 100кПа.
В) 1000кПа.

  1. Газбен толтырылған баллон ішінен газдың жартысын шығарып жіберді. Осы кезде газ қысымы қалай өзгерді? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А)Ұлғаяды.
Б)Газ қысымы өзгермейді.
В)Азаяды.
Қалыптастырушы бағалау: бірін-бірі бағалайды
Дұрыс жауап тақтаға ілінеді.


Кері байланыс: Аяқталмаған ой

  1. Бүгін сабақта ұнағаны.......................

  2. Келесі сабақта білгім келеді .........................



Рефлексия: «сэндвичі» әдісі

1 бөлік –не ұнады;
2 бөлік –не нәрсені жақсарту керек;
3 бөлік маған ұнады, бірақ келесі жолы …

Тест тапсырмасы
Қосымша №3



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет +қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұл тарауда қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік есептер берілді.Барлық тапсырманы уақыттан ерте болған оқушылар үлгермей жатқан оқушыларға көмектесті.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылды
Оқушылардың қабылдау деңгейіне байланысты күрделілігі әр түрлі есептер берілді.

Смайликтер арқылы
Өзара бағалау фигуралар арқылы
Бағдаршам арқылы , және бірін-бірі бағалау түрлері қолданылды



Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Техника қауіпсіздік ережелері ескертілді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабағыма Баспалдақ рефлекция
Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды. Бұл рефлекция арқылы оқушылардың сабақтағы өздерінің қандай шынға шыққандарын бақылау



Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) ?
1:Оқушылар белсенді.Оқыту тәсілін түрлендіру


2.Презентацияны пайдалану .өзінсабақ сапасын арттырды.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Жетектеуші сұрақтардың берілу


2:Топтық,жұптық,жұмыстар жүргізілуі


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Қысым

Қатты денелер өзіне түсірілген қысымды күш әрекетінің бағытында ғана таратады

паскаль, гектопаскаль, килопаскаль, мегапаскаль

Бетке перпендикуляр әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет