Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын анықтау.
|
1. Оқушыларға эксперименттік есептерді шығаруға қажетті құралдарды, яғни су құйылған ыдыс, сызғышты дайындап береді.
2. Эксперименттік есептерді реттілігімен орындауына бағыттаушы болады.
Сызғыш көмегімен стакандағы су биіктігін анықтаңдар. (1 балл)
Стақан түбінің ауданын қолданып, сұйық көлемін анықтаңдар V = S h. (1 балл)
Судың тығыздығын пайдаланып, сұйықтық массасын анықтаңыздар. m = V p. (1 балл)
Сұйықтың стакан түбіне қандай күш түсіретінін есептеңдер. F = mg (1 балл)
Стақан түбіне сұйықтың түсіретін қысымын есептеңдер. P -? (1 балл)
Есептеулерді дәптерге жазыңдар.
|
Оқушылар «Әткеншек» әдісі бойынша эксперименттік есептер шығарып білімдерін жүйелейді.
1. Әр топтан 3 оқушы www.bilimland.kz сайтындағы виртуалды зертханадағы эксперименттік есепті шығарып көрсетеді.
2. Әр топтан оқушы үстелдің үстіндегі құралдар арқылы гидростатикалық қысымды есептейді.
|