Сабақ Тақырыбы: Сөз сөйлеу Тапсырма: Сөз сөйлеуге іштей қалай дайындалу керек?


Сөз алдындағы кідіріс не үшін қажет!



бет2/3
Дата15.08.2022
өлшемі23,78 Kb.
#148091
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
3 тапсырма сөйлеу мәдениеті

Сөз алдындағы кідіріс не үшін қажет! Сөйлеген сөз не оқылатын мәтіндегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында белгілі бір үзіліс, толас болады. Кідіріс деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасау жай ғана кідіріс емес. Ол- әдеби мәтіннің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Кідіріс ұзақ, орташа, қысқа болып бөлінеді. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөздерді бөліп тұрады. 

4. Ауызша сөйлегенде жүріс-тұрыс, қол қимылы, ым, ишара не үшін қажет және оларды қалай пайдалануға болады?


1. Сөйлеу кезіндегі мінез-құлқы
Шешеннің сыртқы түрінен гөрі сахнадағы мінез-құлқы, өзін-өзі ұстауы көп мәселеге әсер етеді. Аудитория шешеннің сөз сөйлеу кезіндегі өзін-өзі ұстауын, жүріс тұрысын мұқият қадағалап отырады. Ал ол мұны- ‘.піаеуы керек. Егер ол озін жасқаншақ, немкұрайлы ұстаса “Мен сіздердің уақыттарыңызды алдым, сол үшін ұялып тұрмын” дегендей сыңай танытса, аудитория үңілуі мүмкін. Шешен тыңдаушылармен екі арада іьі шырайлы, әрі іскерлік қатынас орнатуы керек.
Кішіпейіл, сыпайы, сонымен бірге өз сенімімен рухты болуы қажет.
Жақсы шешендік мәнердің белгілері - еркіндік, өзі сенімділік, жігерлену және жылышырайлылық
2. Жүріс-тұрысы
Тыңдаушылар шешеннің жүріс- тұрысына да көңіл аударады. Кейбір шешендер мінбеге шыгып алып, оған асылады, жатады. Олай-бұлай теңселіп, не бір орында мелшиіп тұрып алады. Кейбіреулер папкасына үңіліп, дода-дода ңағаздарды аударыстыра бастайды. Мұның барлығы да тыңдаушыларға жағымсыз әсер етеді, әр түрлі әңгімелерге себеп болып, аудиториямен байланыс орнатуға кедергі жасайды.
3. Бет әлпетінің реңі
Шешеннің сөйлеп тұрғандағы бет-әлпетінің реңі көп қызмет атқарады. Бет-әлпеті (бірақ түнжыр емес), қуаныш пен қайғыны, күдіктену мен мысқылды, шешімділік пен жек көрушілікті білдіре алады. Бет- әлпет сөйлеу сипатына сәйкес болуы керек. Адамның бет-әлпеті, бүкіл болмысы сияқты сенімділікті, жігерлілікті, тыңдаушыларға аса маңызды жаңалықтарды айтуға ұмтылушылықты білдіруі керек.
Адамның жай күліп, жымиғанынан да көптеген ішкі сезімдер мен оның рухани, адамгершілік қасиеттерінен де біраз хабар алуға болады. Өзіңіздің бет-әлпет құбылысыңыз туралы түсінік алғыңыз келсе, айна алдына тұрып, қажетті жаттығулар жасаңыз, ым мен ишара арқылы жасайтын қимылдарыңыздағы кемшіліктерді түзетіңіз.
4. Сөз сөйлеу кезіндегі қол қимылдары
Сөйлеу кезінде шешендер өздерінің ойлары мен пікірлерін әр түрлі қол, бас, мойын, иық, бүкіл денесімен, аяқтарының кимылдарымен толықтырып отырады. Жан-тәнімен беріліп, қыза сөйлеп тұрған адам әр түрлі қимылдар жасағанын аңғармай да қалады. Он­дай қимылдар мына түрлі болулары мүмкін:
- бейнелеуші қимылдар - адамның әр түрлі ішкі жан дүниесінің қозғалыстарын білдіру үшін қолданылады. Олар сөздің ең сезімталдық шарықтау жерлерін қолын сермеу, құлаштау арқылы әсерлейді;
- сипаттаушы олардың көмегімен бір нәрсенің көлемін, түрін, салмағын, қимыл-қозғалысты (тез не­месе жай) суреттейді;
- көрсетуші - ең қарапайым қозғалыс. Әдетте ол заттың орнын немесе бағытын қол, бас, көз, дене қимылдары арқылы корсетумен шектеледі;
- еліктеушілік қимылдарды өте тәжірибелі шешен­дер қолданады. Ондай қимылдарды пайдалану ережелерін есте сақтау қажет:
- қимылдар қажет болған кезде өзінен-өзі жасалынуы керек;
- қимылдар бүкіл сөз барысында үздіксіз болмауы керек. Әрбір сөз бен пікірді қимыл-әрекеттермен қосарлаудың қажеті жоқ;
- қимыл әрекеттерді бағындырып, басқару керек;
- кимылдар әр түрлі болуы керек;
- кимылдар орынды жасалуы керек. Олардың саны мен жиілігі сөз сипаты мен аудитория құрамына сәйкес келуі керек.
Жалпы сөйлеп тұрғанда ондай қимыл-әрекеттер туралы арнайы ойлаудың қажеті жоқ, бірақ қажеттен тыс көп болып бара жатқанын сезген кезде, дереу оның санын кысқартқан жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет