Қалалық десант сабақ
Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Қащанова Қалдыгүл
Сабақтың тақырыбы «Құстар біздің досымыз»
Білім беру саласы Қатынас. Әлеуметтік сала
Мақсаты :
Білімділігі:Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі,
Табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Дамытушылығы:Құстарға қамқорлық жасауға деген көзқарасын кеңейту.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарға қамқорлық жасауға баулу,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,слаидтар көрсету, түсіндіру, ойындар, құстар туралы өлең тақпақтар
Көрнекіліктер: Құстар суреттері, ақкөгершіндер,адам алақаны,ағаштар, инт тақта
Пән аралық байланыс:Тіл дамыту ,математика
Сергіту сәті «Торғай,торғай» «Ақ көгершін»
Ұйымдастыру:Қонақтармен амандасу
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Достарымен амандасу
Қайырлы таң достым
Ісің сәтке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
Ынталандыру сезімдерін ояту
Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыңдарма?
Сұрақтар қою
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай?
Ал табиғатта қандай өзгерістер болды?
Нелер бүршік атып жапырақ жая бастады?
Көп ағаштар қайда өседі?
Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?
Инт тақтамен жұмыс
Ойын «Ақ қайың»
Шарты қайың құрастыру, оған ұя орналастыру
Сұрақ қою
Ал бұл ұяға нелер келеді?
Құстар
Жаңа сабақ: Құстар біздің досымыз
Мұғ:Құстарға түсінік беру.Жаңа сабақты ашу,слайд көрсету, түсіндіру,
Олай болса:»Құстар» ойыны
Ойынның шарты:Өлең оқу ,құстардың аты кездессе қол шапалақтау.
Инт тақтамен жұмыс
Құстармен танысу ,құстарға сипаттама беру
Тест жұмысы
Құстардың атын тауып, қоршау.
Сергіту сәті»Торғай»
Торғай,торғай, торғайсың
Таяу келіп, қонғайсың
Жем шашайын,тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың
Қорытынды
Сұрақтар қою
Сонымен құстар қайда өмір сүреді?
Немен қоректенеді?
Қандай пайдасы бар?
Қандай құстардың аттарын білдік?
Құстардың ұясын бұзуға боладыма?
Балалар сабағымыздың соңында тілекші ақ құс туралы айтпауға болмайды. Өйткені сәуір айынан кейін мамыр айында майдангер ата-әжелеріміздің мерекесі.
Ұлы жеңіске жетпіс жыл
«Ақ көгершін» әнін орындап,аялы алақанға ақ көгершіндер қондырайық.
Сабақты аяқтау.
Балалар барлығымыз сабаққа өте жақсы қатыстық,періште көгершіндер, сабақтарыңды жақсы оқып,ақылды болыңыздар.
«Қош сау болыңыздар»
Көріскенше күн нұрлы болғай.
Достарыңызбен бөлісу: |