Қалыптастырушы бағалауға арналған тест тапсырмалары:
Толықтырыңдар
1. Бірнеше санның қосындысының мәнін олардың санына бөлгенде бөліндінің мәні ______________________ деп аталады.
Дұрыс жауапты белгілеңдер:
2. Берілгендер қатарында жиі қайталанатын сан немесе шама – ол
а) берілгендер қатарының ең үлкен мәні
ә) берілгендер қатарының ең кіші мәні
б) ауытқу
в) медиана
г) мода
3. Берілгендер қатарының ең үлкен саны – ол
а) берілгендер қатарының ең үлкен мәні
ә) берілгендер қатарының ең кіші мәні
б) ауытқу
в) медиана
г) мода
4. . Берілгендер қатарының ең кіші саны – ол
а) берілгендер қатарының ең үлкен мәні
ә) берілгендер қатарының ең кіші мәні
б) ауытқу
в) медиана
г) мода
5. Берілгендер қатарының ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырымы ол
а) берілгендер қатарының ең үлкен мәні
ә) берілгендер қатарының ең кіші мәні
б) ауытқу
в) медиана
г) мода
Дескриптор:
Арифметикалық ортаны анықтайды
Моданы анықтайды
Медиананы анықтайды
Бағалау: Тақтадан дұрыс жауаптарды көріп өзін өзі бағалайды