Сабақ тақырыбы Статистикалық деректерді көрсету тәсілдері


АЙ ТҰТЫЛЫП, АЛҚЫЗЫЛ ТҮСКЕ БОЯЛДЫ



бет8/10
Дата11.09.2020
өлшемі0,51 Mb.
#77802
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚМЖ 6 сынып .

АЙ ТҰТЫЛЫП, АЛҚЫЗЫЛ ТҮСКЕ БОЯЛДЫ

Қайыржан ТӨРЕЖАН 28.09.2015мақаласынан үзінді
Айдың «Алқызыл» болып тұты­луын астрономдар бұл өте сирек кез­де­сетін табиғи құбылыс деп отыр. Олардың айтуынша, тұтылған кезде Ай биылғы жылғы ең жақын қа­шық­тық – перигейде болды. Осылайша, «Супер Ай» Жердің көлеңкесіне кір­ді. Айдың толық тұтылуы аса таң қа­латындай астрономиялық құбылыс емес. Бірақ осы жолғы тұтылуы оның Жерге тым жақындауымен ерек­ше­ленді. Айдың орбитасы эллипс сияқ­ты, сопақтау болып келеді. Сондықтан Жердің табиғи серігі бізге кейде тым жақындап, кейде алыстап отырады. Ара­қашықтықтың айырмашылығы 50 мың шақырымды құрайды. Жерден Айға дейінгі ең жақын қашықтық – 356 400 шақырым, ең алыс қашықтық – 406 700 шақырымды құрайды. Ал кешегі 2015 жылдың 28 қыркүйегін­дегі Айдың тұтылу кезінде Жермен арақашықтық 356 896 шақырым болды. Айдың осыншама жақындап келуі нәтижесінде, ол алдымен әдет­те­гі­ден 14 пайызға ұлғайып және үштен бір есеге жарығырақ болып, үлкен шам сияқты жарқырады, содан кейін Күн мен Айдың ортасына Жер келді. Осы кезде Айдың беті біздің плане­тамыздың атмосферасын тесіп өткен Күн сәулесімен арайланды. Атмо­­сфера қысқатолқынды күлгін және көк спектрды жұтып алып, тек қызыл сәу­лені ғана өткізген. Қызыл сәуле Ай­ды алқызыл түске бояп, адамзатқа мис­­­тикалық үрей туғызды. Осы жол­ғы қызарып тұтылғанына қарап астрономдар оған «Қанды Ай» деген атақ берді.

№1218 есеп. Жерден айға ұшатын космостық корабль қашықтықтың бірінші жартысын 25 сағатта, екінші жартысын 50 сағатта ұшты.

АЙ ТҰТЫЛЫП, АЛҚЫЗЫЛ ТҮСКЕ БОЯЛДЫ мақаласындағы Жерден айға дейінгі қашықтықты пайдаланып, Жерден Айға ұшқан космостық корабльдің орташа жылдамдығының жүздіктерге дейін дөңгелектелген жуық мәнін табыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет