Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың орналасуы.
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Стереометрия аксиомалары(2 сабақ)
|
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа тақырыпты оқу және бекіту
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету;
|
Сабақ мақсаттары
|
Стереометрия аксиомаларының салдарын білу және есеп шығаруда қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
- Стереометрия аксиомаларының салдарын қолданады;
- жазықтыққа қатысты нүктелердің орналасуын анықтайды;
- жазықтыққа қатысты түзудің орналасуын анықтайды;
- нүктелер, түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуын біледі;
- жазықтықтардың қиылысу түзуін анықтайды;
- түзу мен жазықтықтың қиылысу нүктесін анықтайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттар: дұрыс математикалық терминдерді қолданады және стереометрия аксиомаларын сипаттайды.
Пәндік лексика мен терминология: нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
егер түзудің екі нүктесі бір жазықтықта жатса, онда …;
жазықтықты …арқылы …;
екі жазықтық параллель, егер…;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Денсаулық, құрмет, сыйластық
|
Пәнаралық байланыстар
|
АКТ (презентация РРТ)
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентациямен жұмыс
|
Бастапқы білім
|
Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі қарапайым фигуралар
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
|
Ұйымдастыру.
Бастапқы білімді еске түсіру.
Оқушылармен 1 сабақта өткен стереометрия аксиомаларын қайталау.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
|
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3-4
|
Сабақтың ортасы
5 мин
7 мин
12 мин
10 мин
5 мин
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Стереометрия аксиомаларын қайталағаннан кейін, оқушыларды аксиомалардың салдарымен таныстыру және аксиома салдарын дәлелдеуді ұсыну(мұғалімнің көмегімен)
Стереометрия аксиомаларының салдары:
Егер түзудің екі нүктесі жазықтықта жатса, түзу жазықтықта жатады
|
|
Дәлелдеу. с түзуінің α жазықтығымен ортақ екі,А және В, нүктелері болсын. Жазықтықта планиметрия аксиомалары орындалатындықтан, α жазықтығының А және В нүктелері арқылы осы жазықтықта жататын түзу өтеді. Кеңістіктегі әртүрлі екі нүкте арқылы жалғыз түзу өтетіндіктен, бұл түзу с түзуімен сәйкес. Осыдан, с түзуі α жазықтығында жатады.
|
Түзу және түзуден тыс жатқан нүкте арқылы жалғыз жазықтық өтеді.
|
|
Дәлелдеу. В нүктесі а түзуінен тыс жатқан нүкте. а түзуінде жататын екі нүктені алайық. Осы екі нүкте және В нүктесі арқылы α жазықтығы өтеді және ол жалғыз. 1 қасиет бойынша, а түзуі α жазықтығында жатады. Осыдан, α жазықтығы В нүктесі а түзуі арқылы өтеді.
|
Қиылысатын екі түзу арқылы жалғыз жазықтық өтеді.
|
|
Дәлелдеу. a және b - қиылысатын түзулер болсын. С – қиылысу нүктесі. Осы түзулерден сәйкесінше А және В нүктелерін белгілейік.
А, В және С нүктелері арқылы жалғыз α жазықтығы өтеді. 1 қасиет бойынша, a және b түзулері α жазықтығында жатады. Осыдан, α жазықтығы a және b түзулері арқылы өтеді.
|
Жаңа білімді бекіту үшін слайдтағы тапсырмаларды ұсыныңыз.
Оқушыларға жұпта орындауға тапсырмалар ұсыныңыз.
Тест
|
Слайд 5-7
Слайд 8-16
Таратпа материал
Таратпа материал
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
Рефлексия
Өзін-өзі бағалау бойынша қорытындылау.
Әрбір оқушы өзінің сабақтағы іс-әрекеттеріне және тақырыпты түсіну және меңгеру бойынша рефлексия жасай отырып, өзін-өзі бағалау парағын толтырады.
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырғаннан кейін, кейбір оқушылардың жауаптарын тыңдауға болады.
Оқушылар келесі сұрақтарға жауап бере отырып, карточкаларды толтырады.
Нені білдім және нені үйрендім?
Не түсініксіз болды?
Немен жұмысты жалғастыру керек?
Үй жұмысы
АВСДА1В1С1Д1 – кубы берілген. М нүктесі DD1 қабырғасында жатады.
N нүктесі CC1 қабырғасында жатады. К нүктесі BB1 қабырғасында жатады.
1) М және N нүктелері жататын жазықтықтарды көрсетіңіз.
2а) MN және DС түзулерінің қиылысу нүктесін сызбада көрсетіңіз және F әрпімен белгілеңіз.
2б) F нүктесі туралы не айта аласыз?
3) KN түзуі мен АВС жазықтығының қиылысу нүктесін анықтаңыз және сызбада көрсетіңіз
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады
|
Бұлбөлімдеоқушылардыңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазасыз
|
Денсаулықсақтаутехнологиялары.
Сергітусәттеріменбелсендііс-әрекеттүрлері.
ОсысабақтақолданылатынҚауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары
|
Сабақбойыншарефлексия
Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?
Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?
Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?
|
Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.
|
|
Жалпыбаға
Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|