Сабақ Тақырыбы: Студенттердің ғылыми жұмыстарын жазу және рәсімдеу


Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі



бет18/64
Дата24.03.2022
өлшемі100,62 Kb.
#136617
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
7,8,9

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларында айқындалады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық отырысында оның мүшелерінің кемінде жартысының қатысуымен өткізіледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бітіртуші кафедраның студенттері мен оқытушыларының қатысуымен көпшілік түрінде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.
Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы, әдетте, бір студентке 30 минуттан аспауы керек.
Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестаттау комиссиясының алдында баяндама жасайды және 15 минуттан аспайды.
Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеу нысанында барлық қатысушылар қатыса алады.
Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікірді (қатысқан жағдайда ғылыми жетекшінің өзі сөз сөйлей алады) және рецензияны оқиды. Пікірде және/немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда студент олардың мәні бойынша дәлелді түсініктеме беруі тиіс.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша балдық - рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Бұл ретте теориялық, ғылыми және практикалық даярлық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады.
Диплом жұмысын қорғау нәтижелері әрбір студент бойынша жеке мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді және олар өткізілген күні хабарланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет