Сабақ Тақырыбы: Студенттердің ғылыми жұмыстарын жазу және рәсімдеу



бет45/64
Дата24.03.2022
өлшемі100,62 Kb.
#136617
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
7,8,9

Патенттік іздеудің мақсаттары жаңа техниканы немесе өнімді құрудың, игерудің және сатудың нақты сатысында патенттік ақпаратты пайдалану міндеттерімен айқындалады.
Зерттеу тақырыбын жоспарлау кезінде патенттік іздеу техникалық тапсырманың бұрын шешілгенін, қандай шешімдер патенттермен қорғалғанын, технологияның осы саласында қандай фирмалар жұмыс істейтінін, тақырыпты әзірлеудің болашағы қандай екенін анықтау үшін жүргізіледі. Іздестіру сондай-ақ техниканың даму үрдісін болжау кезінде өнертабыстарға техникалық-экономикалық талдау мақсатында жүргізіледі.
Патенттік зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстар мынадай ретпен жүргізіледі:
1) патенттік зерттеу жүргізуге тапсырма әзірлеу;
2) іздеу регламентін әзірлеу;
3) патенттік және басқа да ғылыми-техникалық ақпаратты, оның ішінде конъюнктуралық-экономикалық ақпаратты іздеу және іріктеу; ;
4) іріктелген ақпаратты жүйелеу және талдау;
5) нәтижелерді қорыту және патенттік зерттеу туралы есепті жасау.
Тапсырмада тақырыптың атауы және оның шифры, патенттік зерттеулердің міндеттері, патенттік зерттеу міндеттеріне байланысты қалыптасатын жұмыстардың қысқаша мазмұны, жауапты орындаушылар, орындау мерзімдері және есептілік нысандары көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет