Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік



Дата05.02.2022
өлшемі10,89 Kb.
#22753
түріСабақ

Шымкент қаласы №51 жалпы орта мектеп

  • Торғаутова Хализа
  • Қазақ тілі және
  • әдебиеті пәні мұғалімі
  • Сөз тіркесі туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік

  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділігі: cөз тіркесі туралы теориялық білімді меңгерту, түрлерін ажырата білуді үйрету, білімдерін тиянақтау, бекіту.
  • Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
  • Тәрбиелік: халқымыздың салт-дәстүрлерін бағалай білуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

  • Сабақтың түрі: аралас сабақ
  • Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмамен жұмыс.
  • Сабақтың байланысы: әдебиет, халықтық педагогика
  • Сабақтың көрнекіліктері: мақал-мәтелдер, тақта,бор,деңгейлік тапсырмалар,электронды оқулық
  • Сабақтың өтетін орны: интерактивті тақта
  • Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушыларды түгелдеп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
  • Бүгінгі сабақ барысында сынып оқушылары үш топқа бөлініп жұмыс істейтінін, олардың тапсырмалары үш түрлі болатынын хабарлау.
  • І.Оңай деңгейдегі тапсырма
  • ІІ. Орташа деңгейдегі тапсырма
  • ІІІ. Жоғары деңгейдегі тапсырма

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • 1.Сұрақтар беру
  • Синтаксис қай тілдің сөзі?
  • Синтаксис нені зерттейді?
  • Тілдің ойды білдіретін ең кіші бөлімі не?
  • 2. 224-жаттығу жұмысының орындалу барысын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Жаңа сабақ мақсатымен оқушыларды таныстыру
  • Сөз тіркесі туралы түсінік беру
  • Мысалы:
  • а) Қаһарлы сөз қамал бұзар
  • Сөздер байланысы
  • Қаһарлы сөз
  • Қамал бұзар
  • ә)Балалар күні бойы көкөніс жинауға көмектесті
  • балалар көмектесті
  • жинауға көмектесті
  • көкөніс жинауға көмектесті
  • күні бойы көмектесті

2.Сөз тіркесінің ережесімен таныстыру

  • 2.Сөз тіркесінің ережесімен таныстыру
  • Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса (бағына) байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.
  • 3. Сөз тіркесінің айрықша белгілері:
  • 1) сөйлем ішінде танылады;
  • 2) кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады;
  • 3) бірі екіншісіне бағына байланысады;
  • 4) белгілі бір синтаксистік қатынасты білдіреді

4. Сөз тіркесі екі сыңардан тұрады.

  • 1.Бағыныңқы сөз. 2. Басыңқы сөз.
  • Баланың тілі
  • Гүлденген Қазақстан
  • Уәдеге берік

Сөз тіркесінің түрлері

  • 1. Есімді тіркес 2. Етістікті тіркес
  • Басыңқы сыңары зат есім, Басыңқы сыңары
  • сан есім, есімдік, сын есімнен етістіктен болады
  • болады.
  • Болашаққа (неге?) аманат Асықпай сөйледі
  • Алтын (қандай?) сағат Ерте келді
  • Ағасы (кімі?) осы Тез жүрді

ІV.Жаңа сабақты бекіту

  • 1.Сұрақтар беру
  • 1.Сөз тіркесінің неше түрі бар?
  • 2.Сөз тіркесі дегеніміз не?
  • 3 .Етістікті, есімді тіркестердің ережесін айтып бер

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

  • І.Деңгей
  • 1.Үзіндіден сөз тіркесін тап.
  • Кеш бойы Абай Пушкинді қайта оқумен болған еді.Бүгінгі күн анда-санда алаң еткен ол-пұл жайлар болса да Абайдың Пушкинге ең алғашқы рет таныса жақындасып ,туысын тапқандай боп толғана бой ұрған күнінің бірі еді.

2.Мына екі бағандағы сөздерді мағынасына сәйкес келетін сөздермен байланыстырып,сөз тіркесін жаса

  • Бағыныңқы
  • Басыңқы
  • Бес
  • тау
  • Дәптері
  • арман
  • Әдемі
  • аспан
  • Биік
  • үшеу
  • Асыл
  • ғасыр
  • Ашық
  • гүл

ІІ.Деңгейлік тапсырма

  • 1.Мына сөз тіркестерін қатынастырып, сөйлем құрап жаз.
  • Абай өлеңі, Көкбай ақын, қонақтың бірі,
  • Әйгерім әні, ерте келген , хатты алды
  • 2.Мына сөздерден сөз тіркесін жасап,есімді,етістікті сөз тіркестеріне ажыратып жаз.
  • Отан, ұлттық, көгілдір,ақ,қазақ,әдейі,
  • оқушы,жаяу,бала,бағалы

ІІІ.Деңгейлік тапсырма

  • 1.«Абай әндері» тақырыбында шағын әңгіме жаз.Әңгімеден сөз тіркестерін тап.
  • 2.Мына үлгіде көрсетілгендей сөз таптарын орнына қойып, екі-екіден сөз тіркесін жаса
  • (сын есім) (зат есім)
  • Мысалы : көңілді кеш
  • 1.сан есім - зат есім
  • 2.сын есім - зат есім
  • 3.үстеу - етістік

3. Қорытындылау

  • Мақал-мәтелдер айтқызу
  • (әр түрлі тақырыпта)
  • V. Оқушыларды бағалау
  • VІ. Үйге тапсырма
  • Сөз тіркесін оқу, ереже жаттау
  • 226 – жаттығуды орындау

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет