Құрметті мектеп басшылары!



Дата06.06.2020
өлшемі14,47 Kb.
#72515
Байланысты:
Сауалнама Базарбайқызы Жансая-1


Құрметті мектеп басшылары!
Бүгінде бүткіл дүние жүзінде білім беру сапасын арттырудың ең тиімді жолы - мұғалімдерлердің мектеп ішінде оқып-үйренуі деп танылады. McKinsey компаниясының зерттеулеріне сәйкес, бұл амал - педагогтердің кәсіби дамуының ең тиімді құралы болып табылады.

Алайда бұл бағытта педагогтерде кедергілер көп, деп жазады ресейлік ғалым К.М.Ушаков. Бірінші кезекте олардың қатарына ұйымдардағы әлеуметтік капиталдың төмендігін жатқызуға болады.

Әлеуметтік капитал дегеніміз не? Бұл ұғымға зерттеушілер мектепте қалыптасқан сенім деңгейін жатқызады. Бірқатар зерттеулер біздің қоғамда сенім деңгейінің жоғары емес екендігін көрсетеді. Американдық философ Ф.Фукуяманың сөзіне сенсек, әлеуметтік капитал деп адамдардың қандай да бір мақсатқа жету немесе бір проблеманы шешу мақсатында өз еркімен тұрақты топтарға бірігу деп саналады.

Сондықтан да мектеп басшыларының ең басты міндеті – мұғалімдерді тұрақты желілерге (топтарға) жинау.

Осы мақсатта сіздерге мектеп мұғалімдері арасында төмендегі қысқа сауалнаманы таратып, мүмкіндігінше оған 100% сабақ беретін педагогтердің қатысуын қадағалауды ұсынамыз. Сауалнамаларды осы аптада электронды түрде өткізіп, жауаптарын маған жіберсеңіздер, мен сіздерге мектебіңіздегі мұғалімдер арасындағы сенім деңгейі мен оларды қалайша біріктіру туралы өз ойларымды ұсынар едім.

Ал бұл сіздерге жаңа оқу жылында мұғалімдердің бірлесе жұмыс жасауын ұйымдастыру барысында көмектеседі деп есептеймін.

Алдын ала менің ұсынысымды қабыл алады деген сенім және ризашылықпен
тренерлеріңіз Әлімов Асхат ағай.

26.05.2020


Мектептің әлеуметтік капитал деңгейін анықтауға арналған

САУАЛНАМА
Құрметті әріптес!

Білім берудің сапасын арттыру үшін әлеуметтік капиталды өсіру керек. Әлеуметтік капитал дегеніміз тұрақты қарым-қатынас желілерін құрып, сол желілерде әрекеттесу.

Мектептің әлеуметтік капиталының деңгейін анықтау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз.
Алдымен мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз (міндетті түрде):
1. Аты-жөніңіз: Базарбайқызы Жансая

2.Педагогикалық өтіліңіз: 9 жыл 3 ай

3. Категорияңыз:2 санат
1. Жұмыста қандай да бір әдістемелік немесе тәрбиелік тұрғыдан қиындық туындаса, сіз оны кіммен талқылар едіңіз?

Озық тәжірибелі мұғалімдермен талқылар едім



1) Сарсенова Зауреш

2) Базарқұлова Назым

3) Беристимова Нұржамал

2. Озық тәжірибе жинақтау үшін сіз қай мұғалімнің сабақтарына қатысасыз (қатысар едіңіз)?



1) Сарыева Телеу

2) Абенова Сауле

3) Масимгазиева Жанат

3. Мектепте қай мұғаліммен бірлесе жұмыс жасар едіңіз?



1) Олжабаева Гүлнар

2) Беристимова Нұржамал

3) Әділ Шынар

Сұрақтарға шынайы түрде жауап бергеніңіз үшін рахмет!
Ұйымдастырушылар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет