Қалалық білім беру бөлімі



Дата08.07.2017
өлшемі93,39 Kb.
#20853
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қалалық білім беру бөлімі

Бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық семинары


Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің»


Орындаған: №68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.Нақыпбекова Нұржамал


Шымкент-2013ж
Тақырыбы: «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің»

Мақсаты: Жас ұрпақты өзі өмір сүріп жатқан қоғамының дамуы сатылары мен қоғамды құрушы тарихи тұлғалар еңбегін дәріптей отырып Отанын сүюге тәрбиелеу; оқушылардың ұлттық сана-сезімін,қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту;жеткіншек жүрегіне ұлттық рух пен өз еліне деген мақтаныш сезімін ұялату.

Көрнекіліктер:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, кітаптары,мемлекеттік рәміздер, көрегендік, көсемдік, ерлік тақырыптағы қанатты сөздер.

«Менің Отаным-Қазақстан»

«Отан оттан да ыстық»

«Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз»

«Тәуелсіз елдің тілегі*бейбітшілік,тыныштық,келешегі-білімді

ұрпақ»
І-бөлім. Кіріспе.

Мұғалім: Сан ғасыр ата-бабаларымыз арман еткен, жолыны жанын құрбан еткен азаматтық таңы атқалы биыл 20 жыл. Кезінде талай ғұламалар мен қолбасшылар шығарып Ұлы жібек жолы бойында сән салтанат құрған қазақ елі сансыз соғыстардан әлсіреген бір кезеңде отарлық қамытын кезеңде халқымыздың қанша рет көтеріліске шығып, қол бастаған халықтың батыр ұлдары бастарын бәйгеге тікті рухтың өлмеуіне көмектесті. Кезінде Алтай мен Атыраудың ррасын ен жайлап, ел шетін жауға, ел ішін доға бермеген жауынгер халықтың бүгінгі тұрағы осыдан 25 жыл бұрын «Мұзда жанған алау» болып жарқ етті.
«Ұмытпайық желтоқсан құрбандарын»

Желтоқсан тұтанған тәуелсіздік алауы әр жүректе лапылдады. 1991 жылы Тәуелсіздік салтанаты құрды.Елбасына кемеңгер тұлға Н.Ә.Назарбаев келді.Ғасыр жүгін арқалаған тәелсіздіктің 20 жылына Тарихты жасаушы тұлғаланың көреген шешімдері мен атқарған істері арқылы бүгінгі жас ұрпақ шолу жасайды.


Тарих таңдар тат баспайтын тазаны

Тарихынан тағылым алған озады

Әр халықтың тоғыз толғау тарихын

Кемел ойлы перзенттері жазады



ІІ-бөлім
1-жүргізуші:- Армысыздар, Құрметті ұстаздар,а рдақты ата-аналар!
2-жүргізуші: - 4 «Г» сынып дайындаған Ел Тәуелсіздігінің 20 жылында жеткен жетістіктеріміздің шолу жасап,тұлғалар өмірін өнеге ететін «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің»атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

(Қобыз үні фонограммамен беріледі. Музыка фонында өлең оқылады)

« Менің отаным-Қазақстан»

1-оқушысы: - Кешегі қазақтың шер бсқан даласы

Қалайша құлпырды көркіне қарашы

Дүбірлі,думанды даласы,қаласы

Әлемге танылды қазақтың қаласы.
2-оқушы: - Тәуелсіздік еді халқымның тілегі

Егемен ел болып жаралды жүрегі

Елбасы сайлаған Нұрсылтан атамыз

Қазақтың қайыспас кемеңгер ұлы еді.


« Тәуелсіздік - бағымыз, бағалай біл, жас ұлан »

(фондағы музыка « Үшқоңыр » әніне ауысады. )

әні:А.Қоразбаев

сөзі:Н.Назарбаев

орындайтын оқушы Алтынбек Д

3-оқушы - Әскері, даңқы бар

Отанға анты бар.

Халқы бар, салты бар.

«Қазақстан» атандық

Биікке талпынар. «Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте»


4-оқушы: - Шекара, шектеп қазағымның даласын

Мықты етті мемлекеттің аясын.

Бабадан мирас жерге еге қазағым

Кең жайлаған Атырау-Алтай арасын


5-оқушы: - Басталған «Жеті жарғыдан»

Қабылданды Ата заң.

Бүгінгі ұрпақ қастерлеп

Конституция атағын.

« Ата заңым-айбынным »

6-оқушы: - Ата заңым әділдік қорғанысың

Ақиқат пен шындықтың сардарысың

«Жеті жарғы» бұлақтың бастауы еді

Тоқсан тарау тарихтың толғауысың.

7-оқушы: - Елбасы кемеңгерлік ісін жалғап

Әлемдік саясатты білді аңдап.

Жаһанға бейбіт өмір жолын айтты

Ядролық қарусыз жолды таңдап.

8-оқушы: - Невада-Семей қасіреттің ошағы

Жарылыстар ойранын қанша жасады.

Олжастай ер бастаған бұл ұлы іске

Бүкіл әлем өз дауысын қосады.

-Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы әлемдік саяси аренада шешімін таппай келе жатқан қарусыздану мәселесіне бастау болды.
«Тәуелсіз-Қазақстан»
9-оқушы: - Танымал болып тұрған күллі әлемге

Тәуелсіздік салтанат құрған елде.

Көк байрағы көгінде желбірейді

Көк бөрінің ұрпағытұрған елде.


10-оқушы:- Халқына айтып таңдаған жолдың хақтығын

Ел қамын ойлау Елбасы үшін басты ұғым.

Қиын кезеңнен жол бастап елін шығарып

Көруді бүгін береке-бірлік, шаттық

«Елім менің»

11-оқушы: - Ұлылар жолы ұрпағы үшін ұлағат

Ғасырлар бойы ұлтының басын құрамақ.

Еңсесін елдің кемеңгерлікпен көтерді

Қалған жерінен дәрмені кетіп тұралап
Ән: «Елім менің» орындайтын: Меймаған М.
12-оқушы: - Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұраным

Белгісі елдігімнің, табынарым.

Кенелтіп, мақтанышныш пен қуанышқа

Бөледі әр қазақтың шаңырағын.


«Астана-арман қала»

13-оқушы: - Тоқырау тұсында Елбасы таңдаған нарықтық

экономика жолы оң нәтиже беріп Қазақстан жедел

даму жолына түсті. 10-15 жылдан соң

Қазақстандық даму моделі бірнеше елдерге

Үлгі бола бастады


Ән: «Қазақтай ел қайда» әні:А.Қоразбаев Әлібек А.
14-оқушы: - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген шешімі және

қайсарлығы арқасында Сарыарқа төсінен әсем

қала Астана бой көтерді
«Тұғыры биік туған ел»
15-оқушы: - Сарыарқа-сен қазақтың ақ бесігі ең

Арман қала атандық қақ төсінен.

Бүкіл елге нұрын шашып сәулетті

Ерке Есілдей шалқылды бақ несібем.


16-оқушы: - Тұғыры биік туған ел, тәуелсіз елім-Астана

Есілдің бойын жайлаған,Көркейіп жатқан жас қалам

Еңсесі биік Ел ордам, дұшпандарын жасқаған

Келбетіңе тамсанам арман қала-Астанам.

«Тәуелсіз елім-Астанам»


17-оқушы: - Бәйтерегім биікте кімдерге құшақ ашпаған

Көркейсе деп Астанам үлесін кімдер қоспаған.

Іргесін салған Елбасым, ел-жұрты түгел қоштаған

Ақ-Ордам алтын бесігім, арайлы қалам-Астанам.


18-оқушы: Әр күн сайын кең жайылған құшағы

Ғимараттар күміс күнді құшады.

Гүл-Астана қазағымның айбыны.

Еркіндіктің, елдігімнің нышаны.


Ән: «Әнім Астана» М.Құралов орындайтын:Әбдіраш А.

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»


19-оқушы: - Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда атқарылар қыруар

істер бар. Бұл жолда біздің ең басты

байлығымыз-берекелі бірлігіміз.

Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек

жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа

айналарына кәміл сенемін»


20-оқушы: - 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауында «сапалы білімберу

инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс-

деп атап көрсетті

«Бүгінгі білім - ертеңгі байлығымыз»


21-оқушы: - Білімді ұрпақ ертеңім деп таныды

Білім беру ісі жедел дамыды.

Шет елдерге жолдамамен аттанды.

Талапты жас жүректе бар жалыны.


22-оқушы: - Қанша мектеп бой көтерді ауылда

Аурухана салынуда қауымға.

Мұндай қарқын болған емес Кеңестің

Империя боп дәуірленген шағында.

23-оқушы: - 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсздік пен

ынтымақтастық ұйымына төрағалық етт


«Төрағалық тізгіні- қазақ елінде»
24-оқушы: - Қазақтың таң қалысып елдігінде

Еуропа ұсынды төрді міне.

Саммитке бар әлемнің басшылары

Бас қосып Астанаға келді міне.

Бәрі риза қазақтың жеріне сай

Көңілі мен пейілі кеңдігіне.


25-оқушы: - Өрге ұмтылған өр көңілді қауымым

Сөндірмеңдер жас жүректің жалынын.

Бұлқынғанда ел деп соғып жүрегің

Елге арналсын таланттың мен дарының.

Ән: «Бұлқынды жүрек» М.Құралов орындайтын:Әмір А.
«Тәуелсіз елдің тілегі-бейбітшілік»
26-оқушы: - Қазақстандағы ұлттар бірлі ынтымақ пен берекеге

бастар ұлы жол екендігін Елбасы қашан да

жадында ұстайды.

27-оқушы: - Бүгінгі күн жарасар тасығаның

Ән мен жырдың төгілтіп асылдарын.

Бар халықтың тілегі, ақ арманы

Ынтымақ пен бірлік деп қосылған күн

Еліміз біз достық туы желбіреген

Айдарынан жел ескен елді көрем.

Достық пенен бірлікке шақырады

Ән мен жыр, айтылатын ендігі өлең
«Тәуелсіз елдің келешегі-білімді ұрпақ»
28-оқушы: - Қастерлейік ұлы достық бұлағын

Сөндірмейік ынтымақтың щырағын.

Осы жайсаң өмірі үшін елімнің

Кірпік қақпай күзетінде тұрамын.

29-оқушы: - Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің

Көреген ісіңмен биіктен көріндің.

Ұлы істің жалғасын ұланың жалғайды

Иесі болашақ елінің, жерінің.


Оқушылардың орындауында:Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Гимні.


«Қазақстан мықты ел жер бетінде»
Мұғалім:ХХІ ғасырдың ашық аспан астында Қазақстанды

Отаным, жұртым деп білетін білімді ұрпақ тәрбиелей береиік.



Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет