Техника объектілерін патенттік тазалыққа сараптау кезінде іздестіру өнім экспорты немесе лицензияларды сату жүзеге асырылатын елдердің қорлары бойынша, яғни патент иеленушілердің құқықтары бұзылмайтын елдер бойынша жүргізіледі.
Жіктеу индекстері әрбір іздеу мәні бойынша анықталады. Патенттерге өнертабыстардың сипаттамасын іздеу үшін халықаралық және ұлттық патенттік жіктелімдер (ХПЖ, ҒПЖ), ал ғылыми-техникалық және коньюктуралық-экономикалық ақпаратты іздеу үшін әмбебап ондық жіктелім (ӘОЖ) пайдаланылады.
Регламентте іздестіру жүргізілетін ақпарат көздері де көрсетіледі. Ақпараттық материалдарды іздеу және таңдау патенттік зерттеулердің көп уақытты қажет ететін кезеңі болып табылады. Ол патенттік зерттеулердің міндеттеріне байланысты өз сипаттамаларына ие. Ақпаратты іздеу Регламентте көрсетілген көздердің барлық түрлері бойынша жүргізіледі.