Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Көршіңе әңгімелеп бер» Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Ойқозғау. Суреттерге ортақ тақырып ойластыр (оқулықтағы суреттер пайдаланылады).
ЖК: Бәріне ортақ тақырып ретінде қолөнер, ұсталық, зергерлік
т.б. деген атаулар ұсынған оқушылар жауаптары мақталады.
Мағынаны ажырату. Тақырыпты болжау
Осы тапсырмаға сәйкес сабақтың қолөнер туралы екендігі болжанады.
Мақсат, күтілетін нәтиже.
Зергерлік өнері туралы түсінік. Еңбек, еңбек адамдарына деген құрмет. Ұлттық өнерге мақтаныш.
Оқылым. Ф. Оңғарсынованың «Зергер» өлеңі оқылады.
Айтылым. Топтық жұмыс. Тапсырма. Оқулықтағы 3, 4-тапсырмалар орындалады.
Бағалау. Зергерлік өнер туралы қызықты, туған-
туысқандарының еңбектерінен мысал келтіре айтқан топ оқушылардың жауаптары мақталады.
Тыңдалым. Ақын Бауыржан Жақыптың «Тобылғы» өлеңі тыңдалады.
Тапсырма. «Қандай тобылғы?» деген сұраққа өлеңдегі ақын сөзімен жауап беру тапсырылады.
Жауап:
Саясында көде өскен, Сайға біткен тобылғы. Желге билеп белестен, Ойға біткен тобылғы.
Ауылымның көп қырын Бұтаң басқан тобылғы.
Хош иісті ақ гүлің
Жұпар шашқан тобылғы.
Күлім қағып ақ әжем,
Күбі ыстаған тобылғы.
Таңғы самал ауамен
Тыныстаған тобылғы.
Мөлдір моншақ таң шығын,
Тағып алған тобылғы.
Бабам өрген қамшының,
Сабы болған тобылғы.
ЖК: Ақын тіліне мән бере тобылғы сөзіне ерекше екпін қойып оқыған, айтқан оқушы жауабы мақталады.
Сергіту сәті. «Көңілді күн» Жеке жұмыс.
Зергерлік өнерге қатысты өлең жолын дәптерге жазу.
Өлеңге сүйеніп, тобылғының пайдасын сызба түрінде дәптерге түсіру. Мысалы: хош иісті ақ гүлі жұпар шашады т.б.
Суретте қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қолданған
құралдары мен бұйымдары берілген. Олар қалай аталады? Бұлар туралы тағы қандай қосымша мәліметтер білесің?
Тобылғыны шеберлер неге пайдаланған?
|